Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанармай бекетінде газ жарылып Маңғыстау тұрғынының денесін 100% күйік шалды

Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне ІІ дәрежелі күйікпен зардап шеккен адам жатқызылды. Жағдайы өте ауыр.

v-kaluzhskoy-oblasti-snizilis-ceny-na-benzin-39732

Зардап шегуші жанармай құю стансасында газ баллонының жарылуы салдарынан күйіп қалған, деп хабарлады Лада.

«Ер адам ІІ дәрежелі термикалық күйік алған. Науқастың айтуынша, ол жарылыс кезінде лаулаған өрттің ортасында қалған. Оқиға 29 шілде күні болды. Ақшымырау ауылдық дәрігерлік амбулатория фельдшері 28 жастағы ер адамды шұғыл түрде аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген. Оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді», – деді санитарлық авиация фельдшер-диспетчері Айнұр Батырбаева.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда зымыран бөлшектерінен зардап шеккен екінші адам көз жұмды

Шымкент балабақшасында екі жасар бала қайтыс болды

Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды

Талқылау