Жанар Айжанова 15 жыл құпия ұстаған сұлулық сырымен бөлісті

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 12:59

Жанар Айжанова өзінің инстаграмдағы парақшасында көп жыл бойы құпия ұстаған сұлулық сырымен бөлісті.

654

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің бетіне күтім жасау тәсілі өзге жұлдыздардан ерекше. Ол косметикалық құралдардың орнына бет терісін сүлікпен емдеуді жөн көреді.

“Кәріліктен ешкім де қашып құтылмайды ғой. Десе де әдемі қартайғанды кім жақсы көрмейді дейсің?! Өз басым бетке хирургиялық жолмен ота жасағанға қарсымын. Осындай табиғи жолмен күтiм жасағаныма 15 жылдай болды. Өкпем жоқ, тыртық та қалмайды. Пайдасы өте көп. Өле жегенше, бөле жейiк деп қыздармен бөлiсiп жатқаным ғой”, – деп әнші көптен бері жасырған сұлулық сырымен бөлісті.

74158

Желі қолданушылары әншіге алғыс айтып, кейбіреуі сүлік туралы қосымша сұрақ қойып жатты. Сүлік бет терісін тазартып қана қоймай, қан тамырларының склероздық үдерісін азайтатын көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, Жанар Айжанова қызы әкесінің суретін көрсеткені туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар