Жаңаөзенде тірідей өртеніп кете жаздаған баланың ісі: Анасы ұлын өртеп жіберген баланың есімін атады
Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы өз достары үстіне бензин шашып, тірідей өртеп жіберді. Ең сорақысы, жолдасына қиянат жасаған күдіктілер бостандықта тайраңдап жүр. Ауруханада шала-жансар жатқан жігіттің анасы, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғауға асықпай отыр деп алаңдаулы.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«103-ке хабарласып жедел жәрдем шақырдым. Алғашқы көмек келіп баламды апара жатқанда да, ұлым: мама өліп бара жатырмын. Наурыз өртеді мені, Наурыз өртеді деп қоймады, жедел жәрдем көлігінде. Баламның беті, екі аяғы, екі қолы түгел жанып кеткен», -дейді Қожахметтің анасы.
Ұлының аянышты күйі мен шырқыраған дауысы Балғанымның құлағынан әлі кетпейді. Оқыс оқиға 30-шы наурыз күні Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында болған.
Екі досымен сыртқа шығып кеткен Қожахметтің осындай жағдайға тап болғанын кешкі сағат сегіз жарымда көршісі жүгіріп келіп, жайсыз хабарды жеткізген.
«Енді талабым арыз көтеру керек. Менің баламның жағдайы осындай енді. Дәрігерлер аппараттан шықса бала өліп қалуы мүмкін деп отыр. Анық жауабы солай. Баламның қазір тек жүрегі соғып аппаратта жатыр», – дейді анасы Балғаным Омарова.
Дәрігерлердің айтуынша, денесінің жартысын күйік шалған жасөспірімді санитарлық авиациямен Астанаға апару қажет. Өйткені, науқасқа ота жасамаса болмайды. Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.
«Алған жарақаты күйік. Өте үлкен. Дененің 50-52% күйген. Екі аяқ, екі жамбас, шап, іштері бар, арқасы бар, беті, екі қолы» – дейді облыстық аурухананың травматология бөлімінің дәрігері Құралбек Есқалиев.
Бұл жантүршігерлік оқиғаға анасы ұлына достарының тарапынан бір қастандық жасалды дейді. Қожахметтің үстіне бензин шашып, өрт қойған деген де күдік бар. Алайда, құқық қорғау органдарына арыз түсіргенімен, әлі күнге дейін еш әрекетсіз отыр деп қынжылады.
«Сол енді полиция қызметкерлеріне өкпелімін. Баламның ісін қозғай алмай отыр ар жағында. Екі бала жүр. Не, аналары келіп кешірім сұраған жоқ. Не, баламнан болды деп жатқан жоқ. Сонымен отырмын» – дейді анасы Балғаным Омарова.
Өте ауыр халде жатқан жасөспірім қазір тек аппаратпен ғана тыныс алады. Өлім мен өмірдің ортасында жатқан баласы Қожахметтің амандығын тілеген ана кінәлілерді анықтамай тынып таппаймын деп ашынып отыр.
Тағы да оқыңыз:
Жаңаөзенде 16 жастағы жасөспірімнің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген
Петропавлда анасыз өскен оқушы асылып қалды
ШҚО-да 11-12 жасар қыздар жүріп келе жатқан пойызға секіріп мінген