Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде қызы алимент үшін әкесін сотқа берді

Жаңаөзен қалалық сотында алимент үшін әкесіне шағымданған студент қыздың арызы қаралды, деп xабарлайды Stan.kz.

Сот отырысында С. есімді қыз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлімінде оқып жүргенін айтты. Ол оқуы себепті жұмыс істей алмағандықтан, күнделікті өміріне ақша жетіспейді. Ал жалғыз анасына онсыз да үлкен салмақ түсіп отырған көрінеді. Аталған жағдайға байланысты бойжеткен сотта оқуы аяқталғанша әкесінің алимент төлеп тұруын талап етті.

«Сот азаматтық іс материалдарын зерделеп, арыз берушінің талабын жартылай қанағаттандырды. М. есімді азаматтан С.-ның пайдасына 2017 жылдың 23 қазаны мен 2021 жылдың 31 мауысымы, яғни оқу аяқталғанша 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп алуды ұйғарды», – деп мәлімденеді соттың ресми xабарламасында.

Оқи отырыңыз: 

Жемқорлыққа күдікті шенеуніктер үшін Атырау әкімі халықтан кешірім сұрады

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Талқылау