Жаңа жылға 15 минут қалғанда қайтыс болды: Бекзат Саттарханов жайлы мақала жазған ресейліктер бүкіл жұртты жылатты

Ресейлік «Чемпионат» спорттық порталы 2000 жылы 31 желтоқсандағы қайғылы оқиғада көз жұмған белгілі қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановқа арнап мақала жариялап, оқырмандарын жылатты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа жылға 15 минут қалғанда қайтыс болды: Бекзат Саттарханов жайлы мақала жазған ресейліктер бүкіл жұртты жылатты

Ел батыры жаңа жылдық дастарханға үлгеруге тырысқанымен, бірақ жантүршігерлік апаттан қайтыс болды. Шындығында оның өлімі ақшалай сыйлықтан үлес ала алмаған қарақшылардың қолынан болды ма? Міне, ресейлік портал Қазақстан чемпионына арнап мақала жариялап, сол қайғылы түнді тағы да халықтың есіне түсірді.

«… Жаңа жылға дейін 15 минут қалған болатын. Бір сәтте ұлт батырына айналған 20 жастағы жігіт жаңа жылды достарының ортасында қарсы алғысы келіп, жылдамдықты арттырып, газды басты. Бірнеше сағат бұрын ғана оған туған қаласының орталық алаңында құрмет көрсетіліп, содан кейін ол анасын құттықтап, кетерінде қоштасып, 150 шақырымдық жолға шықты. Бірақ, бокс тарихындағы ең жас Олимпиада чемпиондарының біріне мерекелік дастарханда отыру бұйырмады. Жас чемпионның автокөлігі қысқы жолда аударылып, апатқа түсті. Өкінішке орай, ел сүйіктісі алған жаратынан оқиға ортында көз жұмды. Бүкіл елдің мақтанышы болған спортшы басты мансаптық жеңістен кейін үш ай ғана өмір сүрді. Оның қысқа өмірі барлығы шампандарын атып, бір-біріне бақытты жаңа жыл тілеп жатқан сәтте үзілді»,- делінген «Чемпионат» спорттық порталында жарияланған мақалада.

Мақала авторы тек сол қайғылы түнді ғана емес, сондай-ақ мәңгі ел жүрегінде қалған түркістандық спортшының күрделі балалық шағы, оның спортқа, математика мен географияға деген қызығушылығы, қайсар да, қайтпас мінезі жайлы айтып өтеді.

«Бекзат бала кезінен қайсар, өжет мінезімен ерекшеленді. Достары Бекзаттың таныс қыздарды қорғау үшін тіпті, өзінен де мықты, әрі денелі жігіттерге қарсы тұратын айтып, естеріне алады. Жасөспірім кезінде Бекзат күн сайын таңғы бесте оянып, ата-анасына үй шаруасымен көмектесіп, мектепке барардың алдында екі сағат жүгіретін. Сол уақытта жас спортшыға бокс залына автобуспен бару керек болды. Бірақ, Бекзатта жиі билет алуға бірнеше теңге жетпей қалатын. Содан ол 15 шақырымдық жолды жаяу жүріп баратын. Табиғат берген талантына қарамастан, Саттарханов өзін сүйікті спортқа толықтай кеш арнады. Ол тек 10 сыныпта Шымкентке кетіп, өз үйінен 150 шақырым қашықтықтағы Олимпиадаға қатысатындарды дайындайтын мектепке қабылданды.

Ашық мінезді, бойшаң жігітке ғашық болған қыздар көп болды. Боксшының сыныптастары «Бекзат әнді көптеген эстарада-жұлдыздарынан да жақсы айтып және қыздарды гитарамен әндетіп-ақ өзіне ғашық қылатын» деп естеріне алады. Бірақ Бекзаттың барлық ойы спортпен байланысты болды. Ол Қазақстанның атын шығарып, өз отбасын қиындықтан шығаруды армандады»,- деп жазады автор.

«Сиднейдегі Олимпиада ойындарында Бекзаттың негізгі сынағы Түркия спортшысы Рамзан Палианиді жеңіп, ширек финалға шығуы болды. Бұл шайқас Бекзат үшін турнирдегі соңғы күресі болуы керек еді. Көптеген куәлікке сәйкес, түріктер арбитрлармен белсенді жұмыс істеп, соңғы түрік боксшысын тұғырда қалдыру үшін бәрін жасауға дайын болды. Дегенмен, сол кезде халықаралық бокс федерациясының вице-президенті болған Бекет Махмутов ол қулыққа кедергі жасай алды. Сонда шенеунік әділ шешімге қол жеткізіп, Бекзат әлдеқайда күрделі шайқаста 12:11есебімен Палианиден басым түсті»,- делінген мақалада.

Жартылай финалда мароккалық спортшы да Саттархановтың жылдамдығына төтеп бере алмады. Ал финалда Саттарханов АҚШ-тың қазіргі әлем чемпионы Рикарду Хуаресті сенімді түрде жеңіп, жеңіс туын көтерді.

«Бұл үлкен  жеңіс болды. Олимпиадаға дейін тіпті Қазақстанның өзінде аздаған адамдар ғана таныған 20 жастағы жігіт елге үш алтын медальдің бірін әкеліп, бірнеше күн ішінде ұлт батырына айналды. Ел Президенті оны басты мемлекеттік орденмен марапаттап, ал мыңдаған қыздар сезімдерін білдіріп, махаббат хаттарын жазды.

Бірақ, Бекзат өз таңдаулысын тауып үлгермеді. Ол Олимпиададан кейін екі ай бойы басқа жүлдегерлермен бірге бүкіл Қазақстанға саяхат жасап, ел үшін күрделі уақытта бақыт пен мақтаныш сыйлаған қарапайым адамдармен кездесті. Үлкен жеңіс Саттархановтың өмірін түбегейлі өзгертті, бірақ өзін емес. Боксшы мұндай танымалдылыққа байсалды қарады және бар ынтасымен оқуға берілгісі келді. Бірақ оның барлық жоспарын өлім құртты.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары танымал спортшының өлімін жұмбақ және құпия деп атады. Олар жазатайым оқиғаны ақшадан үлес ала алмай қалған қарақшылар  жасады деп жазды. Сондай-ақ, куәгерлердің, яғни аман қалған жолаушылардың үнсіздігі және ресми дереккөздерде қандай да бір ақпараттың жоқтығы, қыршын нұсқалардың ақпаратын растағандай болды. Бірақ қазір, 18 жылдан кейін Бекзаттың достары мен таныстарының көбісі сол түнгі апатты біреу емес, тағдырдың өзі жоспарлаған біреудеген пікірмен келіседі.

Алайда, Бекзаттың ата-анасы мен туыстары ұлы спортшы ұмыт қала ма деп қорқады. Себебі, Саттархановтың жеті метрлік мүсінінің жанында орналасқан Түркістандағы гимназия құлағалы тұр, ал 2011 жылы елде жаға ұстатарлық оқиға болды. Сол жылы белгісіз біреулер Бекзаттың қабіріндегі медальдардың мыс көшірмелерін ұрлап, спортшының әруағын қорлады. Ол кезде спортшының анасы «бұзақылар ұлымды осымен екінші рет өлтірді» деген еді»,-деп жазды мақала авторы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар