Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар шығатын болды

Мереке қарсаңында сұраныстың көбеюіне байланысты жолаушылар тасымалына қосымша пойыздар шығатын болды.

52

 

Бұл ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

№152/151 Астана-Алматы-1 пойызы Астанадан 2015 жылдың 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 1 қаңтарында шығады. Ал Алматыдан 2015 жылдың 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында шығады.

№153/154 Астана-Қостанай пойыз Астанадан 2015 жылдың 27 желтоқсанында,  Қостанайдан 2015 жылдың 28 желтоқсанында шығады.

№156/155 Қарағанды-Жезказған пойызы Қарағандыдан  2015 жылдың 15, 17, 19, 25, 27, 29 желтоқсанында және 2016 жылдың 2 қаңтарында жүретін болды. Ал Жезқағаннан 2015 жылдың 16, 18, 20, 26, 28, 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 3 қаңтарында шығады.

№452/451 Алматы-2-Достық пойызы аптасына үш рет шығатын болды. Алматыдан 2015 жылдың 14-28 желтоқсаны аралығында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, ал  Достық стансасынан 2015 жылдың 15-29 желтоқсаны аралығында сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді.

№454/453 Алматы-1-Семей пойызы Алматыдан 2015 жылдың   27 желтоқсанында,  Семейден  2015 жылдың   28 желтоқсанында жолға шығады.

Және  2015 жылдың     27 желтоқсанынан бастап №47/48 Атырау-Астана «Каспий»  жүрдек пойызы Көкшетау-Новоишим-Костанай-Тобыл-Никельтау-Кандыағаш стансалары арқылы (бұрын Атбасар, Есиль, Кұсмұрұн, Тобыл, Никельтау, Кандыағаштың үстімен өтетін) күнара жүретін болады. Пойыз Атыраудан жұп күндері, Астанадан тақ күндері жолға шығады.

2016 жылдың 4-ші қаңтардан бастап Карағанды-Киев бағыты бойынша (Астана-Киев пойызының орнына) №107/108 жолаушылар пойызы тағайындалды. Пойыз аптасына бір рет Қарағандыдан дүйсенбі, ал Киевтен бейсенбі күндері жүретін болды.

 

 

Талқылау