Жаңа жыл қарсаңында қарапайым халықтан сыйлық алып, қалтасын қампайтатын шенділер көбейді
Қызылордада арнайы топ тұрғындардан сыйлық алу фактілеріне тексеру жүргізді. Алайда, оларды елеп-ескерген ешкім болмады. Тіпті, есіктен ары өткізбей қойған.
Жаңа жылды сылтау етіп, қымбат сыйды қабылдағандарды қандай жаза күтеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
“Қандай сыйлық, астында көріп отырсыздар ғой біз деген сіздер айтып отырған мәселемен күнделікті, апта сайын, осы жерде өзіміздің планеркамыз бар одан басқа біз үш орынбасар бармыз, күнделікті жұмыстың уақытында түскі үзіліс кезінде де, кіретін кезде де шығатын кезде де барлығын өзіміз бақылауда ұстап отырмыз”.
Рейд осылай басталды. Аяқасты сау ете қалған тексерушілерді көріп, абдырап қалғандары да байқалды. Тіпті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тексеріс өкілдерін ішке кіргізбей қойды. Ал, кіреберісте бой көрсеткен бөлім басшылары жауап бермей, бастарын ала қашты.
«Салық департаментіне кіру мүлде мүмкін болмады. Қазынашылдық департаменті болса ақ екендерін сөзбен айтып, шығарып жіберді. Бірде-бір кабинетті кіріп, көз жеткізген жоқпыз. Жұмысқа кедергі келтіресіңдер деген сылтауды алға тартты. Меніңше, адам жасырары жоқ болса рұқсат берер еді» – дейді қоғам белсендісі Динара Эшатова.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мамандары облыстық қазынашылдық департаментіне де бас сұқты. Жаңа жылдық леп дәлізінен ескен мекеменің басшысы арнайы топтың не мәселемен келгенін тындаса да,кабинеттерді аралап, тексеруге рұқсат бермеді.
«Бүгін көріп тұрғандарыңыздай жарты сағаттан астам уақыт өтті. Қызылорда облыстық кірістер департаментіне келіп тұрмыз. Алайда төменге бір-екі қызметкерлер түсті бөлім басшысымын, әртүрлі қызметкермін деп өздерін таныстырды. Дегенімен ішке кіру мүмкін болмай жатыр.Бастықтың рұқсат бергендігі бермегендігінде әлі хабарын берген жоқ» – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Бағдат Әбдіқадыров.
Биыл осы облыста 8 қызметші жаңа жыл алдында тарту етілген 22 сыйлықты мемлекеттік қорға әкеліп тапсырыпты. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш тек 3 адам еді. Осы жылы он айдың ішінде ел бойынша шенеуніктер 1500-ге жуық кәдені өз еркімен тапсырған. Түгел сатылды. Қазынаға бұдан 2 млн 800 мың теңге түскен.
«Тапсырған кезде өздерінің өтініштерінде олар өздерінің сатып алу немесе сатып алудан бас тарту көрсетеді. Егер де сатып алатын жағдай болса, бағаланғаннан кейін олар біздің жергілікті департаменттерден сатып алуға құқылы» – дейді мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқарма басшысы Марат Сәрсенбеков.
Ескеретін жайтт, жауапқа тартылмауды көздеген қызметкер сыйлықты тапсырып, бірден сатып ала алады. Сондықтан, “жемқорлықтың алдын-алу әр қызметкердің өзінен басталады”- дейді мамандар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.