Енді Жаңа Зеландиялықтар қытайларға таза ауа сатып жатыр
Қытайда экологиялық жағдай қиын. Өнеркәсіптік кәсіпорындар көп орналасқандықтан, атмосфераға шығарылатын қалдықтар да шекті шамадан асқан. Сол себепті үлкен қалалардың үстін қалың түтін басып тұрады.

Кәсіпкерлер осы түйінді шешудің амалын тапқан сияқты. Олар жергілікті тұрғындарда таза ауа сатуды қолға алған. Бейжің сияқты ауасы ластанған қалалардың тұрғындар үшін жеңілдіктер қарастырылған.
«Оттегіге қаныққан, таза, бөтелкедегі ауа» 219 юань (30 доллардан асады) тұрады. Мөлшері 7,7 литр. Сатушылар әр бөтелкедегі ауа 180 мәрте дем алуға мүмкіндік береді дейді. Бұдан арзанырақ тұратын ауа да бар. Канаданың осындай ауасы 108 юань (16 доллар), Вэйхай ауасы 5 юань (0,7 доллар) тұрады екен.
Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары бөтелкедегі бұл ауаның атмосферадағы ауадан айырмашылығы жоқ екенін айтуда.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды