Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Зеландияда мешіттегі атыстың салдарынан көз жұмғандардың саны 49 адамға жетті

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешіттегі атыс салдарынан көз жұмғандардың саны артуда. Қазіргі уақытта атыстан 49 адам ажал құшқаны белгілі болып отыр.

Жаңа Зеландияла мешіттегі атыс салдарынан көз жұмған адамдардың саны 49-ға жетті

Сурет: REUTERS / STRINGER

Бұл туралы «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін атыстан 27 адам қайтыс болғаны айтылған еді, артынша құрбандардың саны 40-қа жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, 49 адам лаңкестердің құрбаны болған. Сондай-ақ, отыздан аса адам зардап шекті.

Еске сала кетсек, бүгін, 15 наурызда Крайстчерч қаласының екі мешітінде теракт болды. Белгісіз біреулер мешітке басып кіріп, атыс шығарған. Белгілісі, төрт күдікті тұтқындалды. Олардың неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Тұтқындалғандардың бірі – Аустралия азаматы Брентон Таррант.

The New Zealand Herald басылымының мәліметінше, 28 жастағы Таррант атысқа дейін және атыс кезінде әлеуметтік желіде 17 минут тікелей эфир жүргізген. Twitter лаңкестік жасады деп күдіктеліп отырған ер адамның парақшасын бұғаттап тастады. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау