Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Зеландияда ер адам мешітте атыс шығарып, салдарынан 10 адам көз жұмды

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешітте ер адам атыс шығарды. Соның салдарынан 10 адам көз жұмды.

Ер адам мешітті атыс шығарып, салдарынан 10 адам көз жұмды

Бұл туралы Stuff порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақпарат порталының мәліметінше, шлем киіп, көзілдірік таққан және әскери образдағы күрте киген ер адам мешітке келіп, атыс шығарған. Қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Ал қарқынды терапия бөлімі тағы 40-50 зардап шегушіні қабылдауға дайындалуда. 

Куәгерлердің сөзінше, қаладағы тағы бір мешітте атыс болған. Мешіт Линвудтың шеткі аумағында, қалалық аурухананың маңында орналасқан. Полиция комиссары Майк Буш бір күдіктінің тұтқындалғанын мәлімдеді. Алайда, оның сөзінше, қалада тағы басқа қаскөйлер болуы мүмкін. 

Билік барлық мектептерді жауып, тұрғындарды көшеде жүрмеуге және күдікті әрекетті байқаған жағдайда полицияға хабарлауға шақырды. 

Newshub порталының мәліметінше, қарудан оқ атқан ер адам атыс кезінде интернетте тікелей эфир жүргізген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау