Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбиді және бір жасқа дейінгі баланы қалай шомылдырады

Кейбір ата-аналарда жаңа туған сәбиді тек таза болу үшін ғана шомылдырмайды деген түсінік қалыптасқан. Оның үстіне, бала өмірінің бірінші жылында жуыну және шомылу оған әр түрлі мағына береді. Соған орай Stan.kz жаңа туған нәрестені және бір жасқа дейінгі баланы қалай шомылдыру керектігі және бұны не үшін істейтіні жайлы пайдалы мәлімет ұсынады.

Жаңа туған нәрестені және бір жасқа дейінгі баланы қалай шомылдырады

Шомылу және гигиена арасында қандай байланыс бар

Шомылдыру мен гигиена арасында ешқандай байланыс жоқ. Баланы шомылдырудың нәресте гигиенасына еш қатысы жоқ. Себебі, баланы тек ол таза болсын деген мақсатпен жуындырады. Бұл үшін әдетте ағын су немесе арнайы дымқыл майлық, балаларға арналған жұмсақ сабын және шамамен 5 минут уақыт кетеді.

Ал шомылдыру – бұл айтарлықтай ұзағырақ, шығармашылық және пайдалы процесс. Кез-келген ата-ана жаңа туған нәресте мен одан үлкен баланы мынадай себептермен шомылдырады:

– Сәбиге рахат пен психологиялық жайлылық сезімін сыйлау үшін (себебі, бала анасының құрсағында қалай жүзгенін әлі ұмытпаған);

– Нәрестеге қажетті физикалық жаттығу жасау үшін;

– Баланың коммуникативтік, жанасу және эмоциялық дағдыларын дамыту үшін;

– Оның тәбетін ояту үшін;

– Және сәбидің ағзасын тұмау секілді ауруларға төзімді етіп, денсаулығын нығайту үшін шомылдырады;

Жаңа туған нәрестені алғашқы екі аптада қалай шомылдыру керек

Баланы дүниеге келген күннен бастап гигиеналық мақсаттарда жуындыруға болады. Бірақ, сәбидің кіндігіндегі жара толық жазылмайынша, оны үлкен ваннада және кәдімгі кран суында шомылдыруға болмайды.

Баланың кіндігіндегі жара туғаннан кейін 10-15 күн өткен соң жазылады. Мәселен, ата-ана перзентханадан шыққаннан кейінгі екі апта ішінде жаңа туған нәресте үшін тиісті гигиеналық рәсімдер жасай алады.

  1. Жаңа туған нәрестені тек қайнаған сумен балаларға арналған кішкентай ваннада шомылдыруға болады. Мысалы, Батыста сәбиді кішкене жұмсақ сүлгімен жуындыру дәстүрге айналған. Себебі, балада анасының құрсағында жүрмін деген көзқараз туындайды деседі. Бірақ медициналық тұрғыдан алғанда, бұған қарсы дәлелдер жоқ. Сондықтан, қаласаңыз сүлгімен, қаламасаңыз сүлгісіз шомылдырыңыз.
  2. Жаңа туған сәбиді алғашқы екі апта ішінде суға шомылдырмауға да болады. Тек арнайы ылғал майлықтармен денесін сүртіп шықса жеткілікті.

Жаңа туған нәрестені құбыр суына алғаш рет қалай шомылдыру керек

Баланың кіндігіндегі жарасы толығымен жазылса, демек, оны кәдімгі кран суында жуындыруға болады.

  • Баланы үлкен ваннада шомылдырған дұрыс. Кімкентай балаларға арналған үлкен ванна ол үшін теңіз, мұхит болып табылады. Ол аяғы мен қолын қуана-қуана тыпырлатып, ойыншықтарға қарап немесе оларды ұстай алады. Сондай-ақ, үлкен ваннадағы су тез суымайды және бала онда 20-30 минут шомыла алады. Оның үстіне кішкентай сәби үлкен ваннада шомылу кезінде көп энергия жұмсайды, және бұл оған таңертеңге дейін күш жинап, тыныш ұйықтауына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге бұл физикалық энергия алмасу өте маңызды. Ол зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді және бұлшықет пен ішкі ағзаның жұмысын ынталандырады.Үлкен ваннада шомылудың тағы бір пайдасы – нәрестенің кеудесі толығымен суға батырылған кезде тыныс алу процесінің механизмі мүлдем өзгеше болады.

Сондай-ақ, бала суда әрдайым тыныс алу және дем шығару кезінде бірдей энергия жұмсайды, бірақ соның арқасында өкпесі әлдеқайда көп ашылады. Бұл дегеніміз, олар «құрлықта» қарағанда, суда оттегіні көп алады. Тиісінше, оттегі өкпеден дененің барлық бөлігіне көп тарайды. Ал бұл оның жылдам әрі, дені сау болып өсіп, дамуын қамтамасыз етеді.

  • Жаңа туған сәбиді таза суда шомылдыру керек. Кіндіктің жарасы қатайғаннан кейін баланы шомылдыру үшін суды қайнатудың қажеті жоқ. Дегенмен, баланы шомылдыратын су мүмкіндігінше таза болуы керек. Қаладағы су тазарту жүйесіне сене бермеңіз, сондықтан арнайы су сүзетін фильтр сатып алыңыз.
  • Жағымды және қызықты жағдайда. Баланы қолыңызбен суда ұстау қиын болса, оны «еркін жүзу» режиміне оңай ауыстара аласыз. Ол үшін, балаларға арналған бас киімдер мен арнайы жүзу құралдары сияқты көптеген құрылғылар бар. Бұл пайдалы өнертабыстар баланың басын сенімді ұстап тұрып, оның денесін ешкімнің көмегінсіз-ақ суға батыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, баланы шомылдыратын кезде музыка қосып, ваннаның шетіне ойыншықтар іліп қойсаңыз, бала бірте-бірте оларға қолын жеткізуге тырысады. Ал кешкі ванна бала үшін қызықты және пайдалы!

Жаңа туған сәбиді және бір жасқа дейінгі баланы қалай шомылдырады

Баланы қандай температурада жуындыру керек

Жуынатын судың температурасы жуыну ұзақтығына байланысты бірнеше рет өзгереді. Ең басында – нәрестенің кіндікі енді ғана жазылғанда, оған әдеттегідей «ересек» ванна дайындау керек. Бұл  процедураны бастауда судың оңтайлы температурасы 33-34 ° C болуы тиіс.

Ерекше назар аударайық: Бұл температура режимі ванна үлкен және су мөлшері көп болғанда жақсы болмақ. Себебі, мұндай жағдайда бала суда белсенді қозғала алады. Егер сәбиді саусақ жылжыту мүмкін болмайтын кішкентай ваннада шомылдыратын болсаңыз, онда жуынатын судың температурасы шамамен 36 ° С болуы керек. Алайда 37 ° C-тан аспауы тиіс.

Ал баланы үлкен ваннада шомылдыратын кезде 33-34 ° C температурада шомылдырудан бастаңыз, бірақ оны бірте-бірте төмендету керек. Атап айтқанда – әр апта су температурасын 1 градусқа төмендетуге болады. Бұл балаға мүлдем қауіпсіз, сонымен бірге осылай тыныс алу ауруының алдын алуға болады.

Осылайша, баланы шомылдыратын ванна суының температурасын 28-30 ° C дейін көтеруге болады, ал мұндай жағдайда сәбиге 6 ай толғанда ол суда 30-40 минут отыра алады. Бұл оның денсаулығы үшін пайдалы. Ал қарны тоқ бала осындай суық суда ұзақ уақыт шомылғаннан кейін шаршап, таңертеңге дейін жақсы ұйықтайды.

Баланы қай кезде шомылдырған дұрыс

Егер сәбиді 15-30 минут немесе одан да көп уақыт шомылдырғыңыз келсе, онда оны кешкі тамақ және ұйқы алдында жасау керек. Себебі, шомылу бала үшін айтарлықтай белсенді спорт түрі болып табылады және ол шомылу кезінде көп күш жұмсайды. Мысалы, ересектер фитнес залда 40 минуттық аэробика жаттығуларында қанша күш жоғалтса, суға шомылған бала да дәл сондай күш жоғалтады.

Дұрыс және ақылға қонымды ұйымдастырылған шомылу сәбидің де, ата-анасының түнде тыныш, әрі жақсы ұйықтауын қамтамасыз етеді.

Ал балаға 4-5 ай толғанда, 20-30 минуттық кешкі шомылу және ұйқыға дейін жақсы тамақтану, сәбидің түнде тыныш ұйықтауына септігін тигізеді.

Балаға ваннада сүңгуге бола ма

Жаңа туылған сәби суға түскен кезде олардың тыныс алу жолында бірден спазм пайда болып, тыныс алу мүшесі жабылады. Сондықтан, бала суда батпайды. Әрине, егер ол суда ұзақ уақыт бойы демалмай жатса, онда ол оттегі жетіспегендіктен өтіп кетуі мүмкін. Яғни, балаға ауаның жетіспеушілігінен тұншығу қаупі бар, бірақ судан тұншығу емес.

Ал егер нәресте жүзу кезінде мүлде сүңгімесе, онда тыныс алу рефлексі бала дүниеге келгеннен кейін шамамен 2-2,5 айдан кейін жоғалған.

Сәбиді шомылдыратын суға ештеңе қоспаса да болады. Егер қарапайым кран суы таза болса, нәрестені еш қорқынышсыз шомылдыра беруге болады. Бірақ, егерде суды пайдалы еткіңіз келсе, суға итошаған қосқан дұрыс. Ал марганец ерітіндісі мен тыныштандыратын қоспаларды не үшін?
Марганец ерітіндісі. Егер марганец кішкентай балаларды шомылдыруда пайдалы болса, нәрестер үшін тиімді емес. Ерітіндінің түсі жұмсақ қызғылт түсті болса, оның қабынуға қарсы қасиеттері өте аз болады. Ал концентрациялы түрде сұйылтылған жағдайда сәбидің терісін күйдіріп алу қаупі бар.

Сәбиді шомылдыратын суға не қосуға болады

Сәбиді шомылдыратын суға ештеңе қоспаса да болады. Егер қарапайым кран суы таза болса, нәрестені еш қорқынышсыз шомылдыра беруге болады. Бірақ, егерде баланы шомылдыратын судың пайдалы болғанын қаласаңыз, суға итошаған қосқаныңыз дұрыс болмақ. Ал марганец ерітіндісі мен тыныштандыратын қоспаларды не үшін қосу ұсынылмайды?

Марганец ерітіндісі. Егер марганец кішкентай балаларды шомылдыруда пайдалы болса, нәрестер үшін тиімді емес. Ерітіндінің түсі жұмсақ қызғылт түсті болса, оның қабынуға қарсы қасиеттері өте аз болады. Ал марганец концентрациялы түрде сұйылтылған жағдайда сәбидің терісін күйдіріп алу қаупі бар.

Тыныштандыратын шөп қоспалар. Көптеген неврологтар жас аналарға сәбиді осындай қоспалармен шомырдыру керектігі жайлы кеңес беріп жатады. Олар бұл шөптер балалардың ұйқысын тыныштандырады деп, сәбиді кешке шомылдыруға кеңес береді. Бірақ шын мәнісінде олар аналардың өздерін тыныштандыруға негіз береді! Дәрігер Комаровскийдің айтуынша, «егер балада неврологиялық жағынан қиындықтар болса, онда оған ешқандай шөп көмектеспейді, тіпті тәулік бойы жуындырса да әсері болмайды». Қалай болғанда да, суға қандай да бір тыныштандыратын шөп қосқанда, бала тыныш ұйықтайды деген нақты нәтижелерге әкелетінін бірде-бір елеулі зерттеулер жоқ.

Итошоған. Бұл нәрестені шомылдыруға арналған ең пайдалы қоспа. Ол белгілі бір бактерияға қарсы және емдік әсерге ие, сондай-ақ, нәзік шырышты балалар үшін мүлде қауіпсіз. Егер нәрестені шомылдырған кезде суға қандай да бір қоспа қосқыңыз келсе, онда итошоғанды қолданғаныңыз жөн.

Сәбиді шомылдыратын итошоғанды қалай дайындау керек

Таңертең бір стақан итошоған құрғақ шөбін бір литрлік әйнек банкіге салып, үстінен ыстық су құйыңыз. Және кешке дейін демделгенше қойып қойыңыз.

Сәбиді шомылдырғанға дейін, дайын қоспаны су толтырылған ваннаға құйыңыз. Содан кейін ғана баланы осындай суға түсіруге болады. Баланы итошоған қосылған суда шомылдырып болғаннан кейін, сәбидің денесін шаюдың қажеті жоқ. Сондай-ақ, жаңа туған сәбиді итошоған қосылған суға 2-3 айлығында шомылдырған жақсы болмақ.

Шомылдырғаннан кейін баланың терісін қалай емдеу керек

Жаңа туған сәбиді күн сайын кран суына шомылдырса, баланың терісі қатты құрғап кетеді деген пікір бар. Шын мәнінде, олай емес. Терінің ең жауыз жауы – бұл құрғақ және ыстық климат. Себебі, тер бездерінің қарқынды жұмыс жасауы құрғақ терінің негізгі себебі болып табылады. Ал, сәбиді күн сайын кешке шомылдыру керісінше, баланың денсаулығына және терісіне пайдалы болмақ.

Баланы шомылдырғаннан кейін денесін ақырын сүлгімен сүрту керек. Бірақ, қатты сүртуге болмайды, тек жай ғана денесіне сүлгі тигізіп шықсаңыз жеткілікті. Содан кейін үстелге отырғысып, денесін тексеріңіз. Егер теріде көзге көрінетін проблемалар болмаса, онда сәбиді киіндіріп, тамақтандыра берсеңіз болады.

Ал егер теріде көзге түсетін проблемалар болса, оларды төмендегідей жолмен емдеу ұсынылады:

Егер терінің кейбір жері шамадан тыс құрғақ болса, оларды ылғалдандыруы керек. Мұндай жағдайларда көбінесе арнайы кремдер мен балаларға арналған май немесе қайнатылған өсімдік майын қолданады. Бірақ, оларды қолданбас бұрын жетекші педиатрмен кеңесу керек.

Егер керісінше, тері ылғалды болса, бұл жерлерді құрғату керек. Сол сияқты, дәрігермен кеңесіп, арнайы балалар косметикасы, ұнтақтар және тағы басқа жақпардың көмегімен емдеу қажет.

 

Талқылау