Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәби тоғызыншы аптада сөйлеп, әлемдік рекорд орнатты

29 жастағы Ньюкасл тұрғыны Сара Маршалл дүниеге таңғажайып сүйкімді бала әкелді. Томми-Франкқа қазір үш толды және ол ерекше қабілеттерге ие. Ол туғанына тоғыз апта болғанда алғаш рет сөйлеп, бір сөз емес, тұтас сөйлемді айтып бүкіл әлемді таңғалдырды.

Жаңа туған сәби тоғызыншы аптада сөйлеп, әлемдік рекорд орнатты

Таңғажайып сәбидің ерекшеліктері туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Менің баламның алғашқы сөзі «мен сені жақсы көремін» болды. Алғашында мен ақылымнан алжырастым деп ойладым, бірақ мен оның сөйлегенін тағы бір рет естідім. Томми бұл сөйлемді есіне сақтап қалыпты. Ал, басқалары менің сөзіме сену үшін, оның сөйлегенін видеоға түсіріп алдым»,-дейді анасы.

Жаңа туған сәби тоғызыншы аптада сөйлеп, әлемдік рекорд орнатты

The Sun мәлімдегендей, бала шынымен де үлкен әпкесінің айтқан сөздерін қайталай алады. Сара Томмидің нағыз данышпан бала болып өсетініне сенеді. Ол тіпті, 9 айлығында тіл қатып, ерте сөйлеген бала ретінде әлемдік рекорд орнатты.

«Мен бұл жетістіктің әлемдік рекордтар кітабында ресми түрде тіркелмейтінін білемін. Бірақ, менің ұлымның болашағы әлі алда»,-дейді Сара Маршалл.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау