Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған нәресте бірнеше сағат бойы кәріз құдығында жатқан. Ол аман қалды

Оңтүстік Африка республикасында жаңа туған нәресте кәріз құдығынан табылды. Шақалақ ол жерде бірнеше сағат жатқан. Ол аман-есен.

Жаңа туған нәресте бірнеше сағат бойы кәріз құдығында жатқан. Ол аман қалдыОқиға 11 ақпанда Дурбан қаласында орын алған. Жергілікті тұрғын Айрон Лавдейл кәріз құдығының маңынан өтіп бара жатып нәрестенің жылаған даусын естіген. Бастапқыда ол мияулап жатқан мысық болар деп ойлапты. Алайда құдықтың бетін ашқанда, ол жерден жаңа туған қызды көреді, деп жазады The Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Мұнан кейін ер адам құтқарушыларды шақырыпты. Қызды құтқару бойынша операция 3 сағатқа созылды. 

Бастапқыда құтқарушылар сәбиді шұңқырдан алып шығу үшін, жер қазатын көлікпен 2 метрлік шұңқыр қазып, артынша барлық қәріз құбырын сындырған. Осылайша, олар нәрестені аман-есен алып шығып, дәрігерлерге тапсырды. 

Дәрігерлер нәрестені қарап, ауруханаға жіберді. Әзірге нәрестенің ата-анасының тұлғасы анықталмады және оның кәріз құдығына қалай тап болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта нәрестенің туыстары іздестіріліп жатыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау