Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысы мен екі баласын өлтіріп кетті

Жамбыл облысы Шу қаласының 48 жастағы тұрғыны жергілікті шаруа қожалығының 48 жастағы басшысы мен оның 16 және 17 жастағы балаларын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жамбыл облысының тұрғыны шаруа қожалығының басшысы мен екі баласын өлтіріп кетті

Бұған дейін шаруа қожалығының басшысы мен оның қызының өліміне қатысы күдіктінің ұсталғандығы туралы хабарлаған болатын. Алайда, әкесі мен қызын өлтірген қаніпезер отбасының тағы бір мүшесін жер жастандырған болып шықты. Қайғылы оқиға Далақайнар кентінен 12 шақырым жердегі «Үш қызыл» учаскесіндегі таулы аймақта орналасқан шаруа қожалығында болды.

48 жастағы ер адамның денесі үйдің ауласынан, қыздың мәйіті бөлмелердің бірінен, ал ұлының денесі үйден 150 метр қашықтықта бұталардың арасынан табылды.

Алдын ала болжам бойынша қылмысты 42 жастағы жұмысшы қандай да бір пайда көру үшін жасаған.

Сонымен қатар, күдікті ұсталған кезде одан мотоцикл, ноутбук, ұялы телефон және марқұмдың ақшасы тәркіленді. Бір отбасының үш адамын аяусыз өлтірген қылмыскер жасаған қылмысын мойындап, Шу аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау абақтысына жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау