Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғыны өзін кәсіпкердің 11 жыл құлдықта ұстағанын айтты

Жамбыл облысының Байзақ ауданында Бейсен есімді азамат 11 жыл құлдықта болды. Оны әпкесі тауып алып, қожалық иесі айыптап отыр.

Бейсен есімді азаматтың айтуынша, оны қожалық иесі жұмысқа салып, ол үшін ақша да төлемеген, деп хабарлайды Астана арнасы.

“Бір тиын ақша төлеген жоқ. Анда-санда ұрады ішіп алған кезде. Малай ғып ұстап отырды мені. Жібермейді ғой, қайда қашамын, соттатамын деп, жаланың бәрін жауып отыр. Осы жерден шықпаймын, жалғыз өзім жатамын, өзім қарауылдаймын, малына қараймын, атын туғызам, қойын туғызам, өзім кіргізем бәрін. Қойын өзім қырқамын, адам әкелмейді, қой басына 300 теңге алады деп, – дейді ол.

Әпкесі оны алып кетуге келгенде інісі бармайтынын айтып қорыққан. Әпкесі Гүлбағира Әубәкірова жұмыс берушінің оны әбден қорқытып, үркітіп тастағанын айтады. Екі күннен соң журналистер мен полицияны ертіп, әпкесі сол жерге қайта барды.

Ал, кәспкер жұмысшыға ай сайын ақшасын беріп, тамағын беріп отырғанын айтты.

“Құл ғып жұмсағанда мен мұны Байзақ ауданына тіркеуге тұрғыздым. Мысалы, кетем деген адам, мына жерді тастайды да бір күнде кетеді де қалады. Бұл жерде ешкім оның қолына кісен сап ұстап отырған жоқ. «Жетіммін, ойбай ешкімім жоқ» деген соң мен оған қолғанат болдым. Ақшасын беріп отырдым айлық есебінде. Ең азы тамақ-памағымен есептегенде 15 мыңнан кем болған жоқ. Нан ұрып кетсін мені, мен Құдайдың алдында күнәлі болғым келмейді. Колбаса десең колбаса, жұмыртқа десең оны бердім. Кеше мынандай ғып ет пісіріп алып келдім”,  – деп ақталды кәсіпкер Жомарт Наурызбай.

Ал, әпкесі оның бір сөзіне де сенбейді. Інімді құл қылып, қорқытып, жіберме келген деп отыр.

«Бармаймын, Жомарт менің паспортымды бермейді. Ол мені өлтіреді»,-деді. Әбден қорқытқан ғой. Ұстатпайды, жолатпайды. Адамның құқығын таптау емей немене енді? Құл ғой, міне қарасайшы өзінен сұрашы айналайын-ау, мына фазендадан анау Құмжотаға дүкенге жібермейді екен, – дейді әпкесі.

Бейсен Анарбектің өзі бұған дейін адам өлтіру ісі бойынша сотталып, екі жылдан соң ақталып шыққан. 11 жылын мал бағумен өткізген.

Оның жақындары полиция арыз жазып, 1 млн 200 мың теңге талап етті. Кәсіпкер де оларға қарсы арыз жазып, соттасып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау