Жамбыл облысында колледждің екі студенті есірткімен ұсталды
Жамбыл облысында колледждің екі студенті марихуанамен тұтылды. Күдіктілер есіркі затын шеккенін мойындады.

Аймақтың Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірімдерден полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті шөп тауып алған, деп хабарлайды Евразия.
Сот-химиялық сараптама барысында тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы – 18 келі 51 грамм. Күдіктілер есіркі затын шеккенін мойындады. Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі