Жамбыл облысында атыстан көз жұмған жігіттің отбасы күдіктінің үстінен арыз жазудан бас тартты

Сәрсенбі, 8 Қараша , 2017 21:16

Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде қарудан оқ атылып, бір адам ажал құшты. Бірақ марқұмның жақындары кінәліні жауапқа тартқызуға талпынып жатқан жоқ. Айтуларынша, бұл қайғылы оқиға абайсызда болған. Сондықтан оның үстінен құзырлы орынға арыз түсірмепті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Дегенмен, қару кезенген адам ұсталса, қалай болғанда да, жазаға тартылады. Өйткені қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ал әзірге күдіктінің аты-жөні ғана белгілі. Оны тәртіп сақшылары екі күннен бері іздеп таппай жатыр.

Құмтиын – шағын ғана ауыл. Сол елді мекендегі көшенің бірінде жаппай жаға жыртысу болған. Қарудан оқ атылып, жігіттер жұдырықтасқан. Олар төбелесіп қана қоймай, көліктерге де зақым келтірсе керек, өйткені машина әйнектерінің сынған бөліктері мұнда шашылып жатыр. Ал, көрші-қолаң иек астындағы жанжалды көрмедік-білмедік деп отыр.

Құмтиындағы жаппай төбелесте оқ тиіп қаза тапқан Қаракемер ауылының тұрғыны. Ауылда өрт сөндіруші болып істеген 30 жастағы жігіттің артында үш баласы мен жары қалды. Белгілі болғаны ол 24 қараша күні мерейтойын өткізбек болған. Бірақ, ол туған күніне 18 күн қалғанда бақилық болды. Марқұмның жақындары бұл қайғылы оқиға жайлы сөз қозғағысы келмейді. Тіпті олар күдіктінің үстінен шағым да түсірмеген. Ал жігітті өлтіріп кеткен адам әлі табылмай жатыр.

“Күдіктінің жеке басы анықталды. Қазір іздеу шаралары жүріп жатыр. Жалпы төбелесте 10-ға жуық адам қатысқан. Өзге мәілімтеттерді тергеу құпиялығына байланысты айта алмаймыз”, – дейді Жамбыл облысық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

12-ші калибірлі мылтықтан атылған бытырадан 9 адам жапа шеккен. Жеңіл жарақат алған жетеуі бірден үйлеріне жіберілсе, екеуі қазір ауруханада жатыр. Құмтиын ауылының 19 жастағы тұрғынының бірнеше жеріне оқ дарыса, Қаракемерлік 16 жастағы жасөспірімнің соққыдан басына қатты зақым келген.

“16 жастағы баланың аяғында, жіліншігінде, санында көп оқ бар. Салдарынан қан кету, травматикалық шок. Екіншісі 19 жаста. Оның да бас миы шайқалған. Бүгінгі күні емін қабылдап жатыр”, – дейді Жамбыл аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Жетпісбай Айқожаев.

Жарақат алғандардар тілшілермен тілдесуге құлықсыз. Ал аяғының бірнеше жеріне  оқ тиген 19 жастағы жігіттің анасы баласын ақтап әлекке түсті. Айтуынша, ұлының өзі өлім аузынан қалған.

“Азанда тауып алдық баламды. Өзі жүре алмайды ғой. Өзімнің үйімнің шөптің арасынан тауып алдым. Қорқып шок болған ғой”, – дейді Құмтиын ауылының тұрғыны Ақмарал Жәмебаева.

Жаппай төбелеске екі жігіттің ерегесі себеп болған. Такси ішінде сөзге келіп қалған олар Құмтиын ауылында топ болып жиналып, төбелеседі. Сол жерде атылған оқтан осындай қайғылы жағдай болып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда әкімдік жетім қыздың пәтеріне таласуда

Ер адамның әйелін шын сүйетінін мынадай әрекеттеріне қарап білуге болады

Түркістанда жатқан Арыстанбаб кім: «Пайғамбар сахабасы» деген сөз рас па

Мұстафа Шоқайдың берген садақасы оны өлімнан аман алып қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар