Жамбыл облысында «хрусталь бала» елден көмек сұрады

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 22:11

Жамбыл облысында сирек кездесетін ауруға шалдыққан бес жасар бала көмекке мұқтаж. Бақдәулет Жаңабердіге «жетілмеген остеогенез» диагнозы қойылған. Оның сүйегі морт сынатындықтан қозғалудың өзі қауіпті. Бүлдіршінге осы күнге дейін екі рет ота жасалғанымен нәтижесіз. Науқастың анасы жуырда шетелдік клиникадан шақырту алған. Алайда тұрмысы төмен отбасының ем-домға беретін қаржысы жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

бала

Полицей болуды армандайтын Бақдәулеттің жасы бесте. Оның ой-өрісі жақсы дамығанымен жүріп-тұруы мұң. Тек жамбасын сүйретіп қозғалатын балақайға артық қимыл жасау қауіпті. Сондықтан анасы өз еркімен жұмыстан шығып, ертелі-кеш баласының соңында жүр.

«Ойнағысы келеді көшеден балаларды көрсе, оларды шақырады қасына. Кішкене отырады олар, ойнамай кетеді кейде. Ойнамаймыз сенімен деп…» -дейді Бақдәулеттің анасы Гүлнұры Мырзахметова.

Бақдәулеттің аяғы туғанына екі апта болғанда алғаш рет сынған. Кінәні өзінен көрген әйел оған аса мән бермей емдетіпті. Алайда одан кейін сүйектерінің сынуы жиілеп, үш жасына дейін екі мәрте ота жасатқан. Бірақ нәтижесіз. Гүлнұры Мырзахметова ұлының қол-аяғының неше рет морт кеткені есінде жоқ.

«Былайша айтқанда, екі жарым жасына дейін, мен операция жасатқанға дейін 28 рет сынды.  Қолы бар, аяғы бар. Дәрігерлер айтады: сіздің көзіңізге көрінбей жатқан қаншама сынық бар дейді. Кейде иықтарын көтере алмайды, кәдімгідей төмен түсіп кеткен», – дейді Гүлнұры Мырзахметова.

Анасы Бақдәулетке жүруді үйреткісі келеді. Алайда баласы сүйектері жиі сынатындықтан екі тірсегіне темір салынса да табанын тіреуге жүрексінеді. Отандық дәрігерлер бұл аурудың алдында дәрменсіз екенін мойындаған. Осы жасында ем қомбайтынын ескерткен ақхалаттылар есейгенде ауруынан айығуы мүмкін екендігін айтқан. Алайда Гүлнұры бауыр еті баласын ер жеткенше еңбектетіп қойғысы келмейді. Сондықтан шетелдік мамандарға жүгінген.

«Жүріп кетеді деген сенімдемін. Балам ем қабылдаса кішкене. Дуал жағалап жүрсе де деп үміттеніп отырмын. Көмек берсе екен», – деп түйіндеді сөзін ана.

Қытайдағы клиникадан шақырту алған ананың қуанышында шек жоқ. Бар үміті соларда. Алайда Бақдәулетті емдету үшін 7 млн. теңгеге жуық қаржы керек. Тұрмысы төмен отбасының мұнша ақшасы жоқ. Ауылдастары шамасына қарай теңге жиып бергенімен жеткіліксіз. Сондықтан жомарт жандарға алақан жаюға мәжбүр.

Отбасының телефон нөмірі: +7 777 464 53 48;  +7 (726 44) 2 01 03

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар