Жамбыл облысында қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды
Жамбыл облысында экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтық бюро облыстағы СҚЖД-нің аға тергеушісі Мақұлбек С. мырзаның алаяқтыққа қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, тергеуші Мақұлбек Ж. есімді азаматтан өзінің қарауында жоқ қылмыстық істі тоқтату үшін 4 миллион теңге алған.
"6 маусымда Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен тергеуші үш жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар 6-класты біліктілік санаты алынып тасталды" - деп хабарлады ведомстводан.
Талқылау

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
Уәлихан Умиров: "2 миллион теңгеден аса айлық аламын"

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
Адвокаттар бұл істе барлық кінәлі сотқа тартылмағанын айтты