Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғыз ұлының тойы: Келіні енесінің көйлегін көріп үйлену тойына келуге тыйым салды

Mumsnet форумының bingogal21 есімді пайдаланушысы көйлегінің түсіне бола ұлының үйлену тойына қатыса алмайтынын айтып наразылық білдірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, екі ай бұрын жалғыз ұлы қазан айында таңдаған сүйіктісіне үйленетінін хабарлады. Әйел болашақ келінінің «алғашында жап-жақсы қыз болып көрінгенін, бірақ көпшіл адам емес екенін байқағанынын» мойындады. Дегенмен, ол ұлының таңдаулысын қабылдап, қуаныштан тойға дайындала бастады. Бақыттан басы айналған ана ұлының үйлену тойына жаңа көйлек және оған қажетті барлық әшекей бұйымдарды сатып алды.

Бірақ, ұлы анасының сұр және қызғылт түсті гүлдері бар крем түсті көйлегін көргенде, оған басқа көйлек сатып алуды өтінді. Өйткені қалыңдық қонақтардан ақ түсті киім кимеулерін сұраған екен.

Содан бері жас жігіт анасына апта сайын хабарласып жаңа киім сатып алды ма, жоқ па сұраумен болды. Британдық әйел әлі де көйлек іздестіріп жүргенін айтты. Және әйел болашақ келінінің қатты ашуланғанын естігеннен кейін тағы бір көйлек іздей бастады. Алайда, әйел қазан айының аяғына дейін көйлек сатып алуға үлгеремін деп ойлады.

Нәтижесінде, қыздың шыдамдылығы шегінен шығып, болашақ енесіне ашуланып хабарлама жіберді. Онда ол енесін үйлену тойына кіргізбейтінін айтты. Осыдан кейін әйелдің ұлы да анасының қоңырауына мүлде жауап бермеген.

Осындай қолайсыз жағдайға тап болған әйелдің оқиғасын естіген желі қолданушылары оған ұлына кез-келген ескі көйлектің суретін жіберіп, тойға қалаған киіммен баруды ұсынды.

Талқылау