Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған лотерея “ойнатқан” Динара Сәтжан ел алдында масқара болды (видео)

Желіде танымал тележүргізуші әрі “Қазақстан” арнасы басшысының кеңесшісі Динара Сәтжанның лотерея ойынын жүргізіп тұрған видеосы қып-қызыл дауға себеп болды. Себебі ел ұтыстың әділ ойнатылғанына күмән келтіріп қалды.

20635306_265975730565127_6628239297805811712_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Видео бойынша, Динара Сәтжан арнайы ыдыстың ішінен нөмір алып шығады. Артынша қасындағы серігіне, яғни сиқыршыға береді. Ал ол өз кезегінде Сәтжаннан нөмірді сол қолымен алып, оң қолымен береді. Желідегілердің пікірінше, сиқыршы сол аралықта нөмірді ауыстырып үлгерген.

“Сұмдық”, “Алдағаны көрініп тұр ғой”, “Масқара, сиқыршының өзі қобалжып кетті, ұсталып қаламын деп қорыққан ғой”, “Ел алдында жүрген тұлғалар мұндайға қалай келіседі”, – деп сынады желі оқырмандары.

Ал Динара өз кезегінде ойынның әділ өткенін, сиқыршының өзіне PR жасау мақсатында солай жасауы мүмкін екенін айтып ақталды. Сондай-ақ, ұтыс үшін жауап бермейтінін, бар болғаны кеш жүргізушісі екенін мәлімдеді.

Тележүргізушінің айтуынша, Қарағандында жұмыс істейтін тон салоны Астанада өз дүкенін ашқан. Сәтжан аталған дүкен иесінің адал азамат екенін және дүкеннің 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын алға тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Сегіз қырлы, бір сырлы: Тәуекел Мүсілім тағы бір өнерімен таңғалдырды (видео)

Шоу-бизнестегі тренд: Түсіпбаева сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)

2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)

Той қонақтарымен билеп кеткен “Жігіттерлік” Ердос халықты разы етті (видео)

 

Талқылау