Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш төсін көрсеткен астаналық депутат жұрттың жағасын ұстатты

Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасова сән көрсетілімінде жалаңаш төсін көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалаңаш төсін көрсеткен астаналық депутат жұрттың жағасын ұстатты

Астаналық депутат әрі модель Данагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысты. Оның сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кетті.

Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол  Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Сәнгердің ойластыруы бойынша, модель көйлектің ішінен ішкиім кимеуі тиіс.

Тасованың өзі Instagram желісіндегі парақшасында дәл осы көйлекті киіп түскен суретін жариялаған. Алайда ол жерде қолымен кеудесін жауып тұр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дина Тасова (@dinagul.tassova)

Осылайша, тәнін ашық көрсеткен Данагүл  Тасова жұрттың қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының дені оның тым ашық көйлегін сынап, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Масқара, ұят. Не болып бара жатырмыз? Депутат осылай жасаса, қарапайым халық не істемейді?», «Қайран қазақ қыздары-ай! Ұят қайда?», «Мен ғана сәнді түсінбеймін бе? Әлде тәнін осылай көрсету дұрыс емес деп ойлайтын басқа да адамдар бар ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де пікір қалдырушылардың ішінде депутатты жақтап, кеудесін көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ екенін айтқандар да табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау