Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш суретіңді жариялай бер: Айжан Байзақова атышулы Шырынды қазақтың сәукелесіне тиіспеуге шақырды

Жалаңаш суреттерімен және ерсі әрекеттерімен жұрттың талқысына түсіп, танымалдыққа ие болған Айжан Байзақова қазақтың ұлттық киімін киіп, төсін жалаңаштаған Шырын Нарчаеваға ақыл айтты, деп жазады Stan.kz.

Жалаңаш суретіңді жариялай бер: Айжан Байзақова атышулы Шырынды қазақтың сәукелесіне тиіспеуге шақырды

Өз сөзінде Байзақова атышулы бойжеткеннің өз өмірі үшін алаңдайтынын атап өтті. Себебі өзі де сондай күйді бастан кешкен.

«Екеуіміздің контентіміз ұқсас… Бірден бойымды сағыныш сезімі биледі. Егер қыздың дені сау болса, ол да мен сияқты өз өмірі үшін алаңдайды. Тек ақымақтар қорықпайды. Мен де «маған бәрі бір» деп айтқаныммен, жан-жағыма қарап жүретінмін», – деп жазды Айжан Instagram-да.

Сондай-ақ, ол Шырын Нарчаеваға кеңес беріп, сәукелеге тиіспеуге шақырды. Тек жалаңаш суреттеріңді жариялай бер, дейді ол.

«Арыз, бейәдеп сөздер үшін айыппұл, ғаламтордағы үйретуге тырысатын адамдардың сөздері, мұның бәрі түк емес. Қалада қаншама есалаң адам жүр. Оларға: «Бұл менің өмірімі, араласпаңыз», – деп түсіндіре алмайсың. Олар мұны тыңдамайды да. Сондықтан «Инстаграмның» сыртында өзіңді қорғай алуың керек. Тек жалаңаш суреттеріңді жариялауды жалғастыра бер. Жалаңаш денеңе ұлттық бас киімді киюдің керегі жоқ. Бұл, шынымен де, әлдекімдердің намысына тиюі мүмкін», – деп жазды Байзақова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау