Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш денесіне ұлттық бұйым таққан тараздық қыз: 18 жасқа келсем де пәкпін

Жақын арада желіде жалаңаш денесін көрсеткен тараздық блогер қыз Шырын Нарчаеваның басы дауға қалған еді. Ол сол жағдайға қатысты және өмірдегі басқа да ұстанымдары туралы Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне баяндап берді.

Жалаңаш денесіне ұлттық бұйым таққан тараздық қыз: Мен үшін бұл өнер

Тараз қаласының қазіргі таңдағы белгілі блогерлерінің бірі Шырын Нарчаева М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті болып  табылады. Ал әдеуметтік желідегі белсенділігін осыдан бір жыл бұрын бастаған қыз бүгінде біраз танымалдылыққа ие болған көрінеді.

«Мен бір жыл бұрын блог жүргізе бастадым. Ол кезде мақсатым танымал болу емес еді. Тек өзіме ұнайтын заттарды істегім келді. Мысалы мен суретке түсіргенді қатты ұнатамын. Өзгеше фотосуреттерді жақсы көремін. Ойыма қандай затты түсіру келсе, соны міндетті түрде істеймін», – дейді Шырын.

Ал жақын арада әлеуметтік желіде орын алған дауға қатысты пікір білдірген блогер өзінің шығармашылығына адамдар әртүрлі қарайтынын мәлімдеді.

«Әр адамның өмірге деген көзқарасы әртүрлі, әркімнің тәрбиесі де бөлек. Сондықтан әр адам өзінше қабылдайды. Егер біреулер бұған өнер мен сұлулық деп қараса, екіншілері бұл жерде ұятсыздықты байқайды. Өз басым ол суретте алып кетер ешнәрсе көріп тұрғаным жоқ, өйткені мені қолдайтын адамдар бар», – деп ағынан жарылды ол.

Сол жағдайдан кейін танымалдылығы арта түскен блогерге осындай кейіпте фотосуреттер жариялаған ұнап қалған сынды.

«Ол сурет маған қатты танымалдылық әкелді деп айта алмаймын. Дегенмен мені теледидардан көрсете бастады. Адамдар мен туралы айта бастады. Әрі бұл маған ұнады. Ары қарай тағы да түрлі фотосуреттер жариялауға деген қызығушылығым оянды. Басқа да өрескел суреттерді жариялаймын деп ойлаймын», – дейді Шырын Нарчаева.

Ата-анасының, туыс-туғандарының көзқарасын айтқан Шырын олардың әрдайым өзіне қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Ата-анам мен туыстарым мені қолдайды. Өйткені олар менің нағыз өзімді біледі. Фотосуреттердің тек ғана кейіп екенін біледі. Мен өмірде өте тәрбиелімін, түнгі клубарда жүрмеймін, темекі шекпеймін, салауатты өмір салтын ұстанамын, 18 жасқа келсем де пәкпін. Олар менің өнерге деген көзқарасымды біледі. Сондықтан туыстарымның қолдауымен осындай қарқында өрескел суреттерді жариялауды жалғастырамын деп ойлаймын», – дейді тараздық блогер.

Ал хиджаб киіп тұрған фотосуретіне қатысты пікір білдірген Шырын, ол суреттегі жай ғана орамал екенін айтады.

«Ол жай ғана орамал еді. Өз мақсаттарын жүзеге асырғылары келген инста-парақшалар мені тіпті бұрын хиджаб киіп, дін жолында жүрген, намаз оқыған деп айтып жатыр. Бірақ ол жай ғана орамал және жай ғана фотосурет», – деп сөзін аяқтады Шырын Нарчаева.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау