Жалақының екі есе көтерілуі: Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жүйеге дән риза

Мемлекеттік қызметкердің жалақысы екі есеге көтерілгеннен кейін жүргізілген анонимді сауалнама қызметкерлердің 95 пайызы жалақы мөлшеріне дән риза екенін көрсетті, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Жалақының екі есе көтерілуі: Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жүйеге дән риза

Маңғыстау облысы және Астанада атқарушы бөлім қызметкерлерінің орташа жалақы мөлшері 2,2 есеге артқан. Ал Маңғыстау облысының ауылдық округтеріндегі әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті.

«Көшбасшы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі көрсеткендей, жалақы мөлшері – қызметкерлерді жемқорлыққа итермелейтін факторлардың бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру коммерциялық секторлардағы кадр тұрақсыздығы мәселесін шешуге, мемлекеттік қызметке үздік мамандарды тартуға мүмкіндік береді», – дейді агенттіктегілер.

Алдын ала мониторинг бойынша, жалақыға қатысты жаңа жүйе енгізілгеннен бері пилоттық органдардағы қызметтердің тартымдылығы, сонымен қатар экономикалық ынталандыру айтарлықтай артқан. Ал жаңа жүйе енгізілген органдардағы қызметкерлердің қызметінен кетуі 3 есеге төмендеп, бос орындарға үміткерлер саны шамамен екі есеге көбейген.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда төрт мемлекеттік органда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Сынаққа Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, әділет министрлігі, Астана және Маңғыстау облысының әкімдіктері қатысып отыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда орташа жалақы 157 мың теңгеден асады. Мұндай сандар қайдан шықты?

Сарапшы: Мұнай бағасы 100 долларға қымбаттауы мүмкін

Теңге қайтадан нығая бастады

Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар