Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалақымыз өте аз: Мәдениет министрлігі театр әртістерінің шағымына жауап берді

Мәдениет және спорт министрлігіндегілер жалақымыз аз деген Абай атындағы опера және балет театры әртістерінің шағымдарына жауап берді. Шенеуніктер театр әртістерінің жалақысына қосымша қаражат қосуға уәде етті, бірақ кейінірек. Дегенмен, әртістер бұдан артық күте алмайтындарын мәлімдеп, мәселені басқа жолмен болсын шешулерін өтініп сұрайды.

Жалақымыз өте аз: Мәдениет министрлігі театр әртістерінің шағымына жауап берді

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осы мәселе төңірегіндегі сұрақтарғарға жауап беру үшін мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Қазір Абай атындағы опера және балет театрының әртістерінің жалақысы туралы мәселе бақылауға алынды. Мұны ресми деңгейде шешу үшін мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізу қажет. Ал шенеуніктер бұл мәселені шешімін табу үшін қадамдар қабылданып жатыр деп сендірді.

«Наурызға дейін барлық кезеңнен өтеміз деп үміттенемін. Үкіметтен кейін Мәжіліс пен Сенаттан өтіп мақұлданған соң, өзгерістер Елбасының үстеліне қойылады»,- дейді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Ал хор және балет театрының ондаған әртістері қосымша қаражат көзі деп кешкі қойылымдарға да қатысып, күнелтіп жүр. Күні бойы жұмыста жүретін өнер адамдары кешкі қойылымға өз репертуарларын байыту үшін емес, өмір сүріп, күндерін көру үшін шығуға мәжбүр. Төзімдері таусылған әртістер тағы да президенттен көмек сұрап, жағдайдан шығудың өзгеше жолдарын ұсынуда.

«Біз аптасына 4 қойылым өткізіп отырамыз және зал да әрдайым толы. Мәселелердің бәрі шешіліп жатқанда мүмкін театр өзінің жеке қаражатынан ақшалай жәрдемақы бере алар»,- дейді Абай атындағы опера және балет театрының әртісі Екатерина Медведева.

«Мен 47 мың теңге жалақы аламын. Қазірдің өзінде жұмысқа ешқандай ынта, тілек жоқ. Бұл театрдың ұлы театр екенін түсінемін. Бірақ, жалақы біздің істеген ісімізге сай төленбейді»,- деді Абай атындағы опера және балет театрының әртісі Алдияр Есжан.

«Ал мен қосымша ақша табу үшін аула сыпырушы болып жұмыс істеймін. Оның үстіне мен мүгедекпін. Бірақ, күн көру үшін қар тазалап қаражат табуыма тура келеді. Таяқ ұстап жүремін, сосын қойылымға шығып, ән айтамын»,- деп шағымданды театрдың тағы бір әртісі Мәулен Қышқашев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау