Жақын күндері Қазақстанда күн суытады

Жақын күндері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп, күн суытуы мүмкін, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі “Қазгидромет” РМК -ның баспасөз қызметіне сілтеп.

Жақын күндері Қазақстанда күн суытады

2018 жылдың 9-11 тамыз аралығында Қазақстанның солтүстігінде суықтың кезекті толқыны өтеді деп күтіледі.

Карск теңізі аудандарынан келетін суық ылғалды арктикалық ауаның салдарынан Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ шығыс өңірлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

Еліміздің кей өңірлерінде қатты күн күркіреп, екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін деп болжануда. 9-11 тамыз аралығында солтүстік, орталық аудандарда температура түнде 7-17 дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді.

Ал, қалған аймақтарда ауа температурасы бұрынғыдай қалыпты норманы сақтап тұрады. Дегенмен, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

11 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде қатты жел соғып, арты шаңды дауыл мен бұршаққа ұласуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар