Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсы ниетпен жасадым: Ер адам жас қыздарды өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан

Бразилияда қыздарды өлтіріп, олардың етінен бәліш жасап, көршілеріне сатқан ер адам 71 жылға сотталды. Ол мұндай сұмдық қылмысты әйелі және көңілдесімен бірге жасаған.

«Жақсы ниетпен жасадым»: Ер адам жас қыздарды өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан

Каннибал Хорхе Бельтрао Негромонте да Сильвейра қыздарды өлтіріп, олардың етінен бәліш сатып, көршілеріне сатып келген. Полиция анықтағандай, оған мұндай қылмыс жасауға әйелі мен көңілдесі көмектесіпті. Олар 20-31 жас аралығындағы әйелдерді үйге алдап шақырып, артынша өлтіріп, сойып тастап отырған, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Нәтижесінде олардың қылмысы әшкере болып, тұтқындалды.

Олардың құрбаны болғандардың дені үйге бала күтуші немесе үй шаруасын атқаруға көмектесетін қызметкер ретінде жұмыс істеуге барған екен. Бұрынғы профессор жас  қыздарды басынан балғамен немесе сүңгімен ұрып өлтіріпті. Ал үйдің артындағы аулада мұнан да сұмдық жайттарды жасаған.

«Жақсы ниетпен жасадым»: Ер адам жас қыздарды өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан

Анықталғандай, адам етінен жасалған бәліштер жергілікті мейрамханаларда да сатылып келіпті. Ер адам өзінің 1,5 жасар қызын құрбандарының бірінің етімен тамақтандырған.

Сот отырысында ер адам мұндай қылмысын игі ниетпен жасағанын айтып ақталды. Ол әйелдер «ұрылар мен оңбаған адамдардың» анасы атанар еді, дейді ол. Қылмыскерлердің үшеуі де әлемді күнәһарлардан тазартып жүргеніне сенімді.

«Жақсы ниетпен жасадым»: Ер адам жас қыздарды өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан

Аталған іске қатысты тергеу 6 жылға созылды. Нәтижесінде ер адам мен көңілдесі 71 жылға, ал әйелі 68 жылға бас бостандығынан айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау