Жақында үйленбек болған: Атырауда қызды құтқарам деп қаза болған жігіттің сүйіктісімен түскен видеосы тарады
Атырауда өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып, өзі мерт болған полицей жігіт екі айдан кейін отбасын құрмақ болған. Жігіттің сүйіктісімен түскен видеосы тарады.
Өткен аптада жас полицей Шалқар Ақымғалиев өзгенің өмірі үшін өз өмірін құрбан етті. Суға кеткен қызды құтқармақ болды. Алайда су ағынына қарсы тұра алмады.
Ерлікпен қаза тапқан жігіттің жерлеуіне жүздеген адам келді.
Көпшілік жас жігіттің қыршыннан қиылғанына қайғырды. Желіде марқұм болған Шалқардың сүйіктісімен түскен видеолары тарады.
24 хабар арнасының мәліметінше, жас полицей екі айдан соң үйленбек болған екен.
"Біз мектеп кезінен дос еідк. Бірге колледжде оқыдық. Ол арамызда көшбасшы болды. Сенімді жолдас еді. Кез келген сәтті көмекке келетін", - дейді досы Абай Төребаев.
"Жап-жас жігіттің ақымақ қыз үшін өмірі құрбан болды", "Жақындарына, сүйіктісіне жаным ашиды, өте ауыр естеліктер екен", "Отбасына сабырлық тілеймін", - деп жазды желідегілер.
25 жастағы Шалқар Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған. Ішкі істер министрі Шалқардың анасына көңіл айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.