Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдайы нашарлап, дірілдей бастады": ШҚО-да дәрігерлер вакцина салдыруға болмайды деген анықтаманы науқастың көзінше жыртып тастаған

Өскеменде жекеменшік емханалардың бірінде кәмелетке толмаған студентке кардиолог вакцинация жасамауды ұсынғанымен, комиссия басқаша шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.  

Нәтижесінде дәрігердің берген вакцина салдыруға болмайды деген анықтамасын медициналық қызметкер жыртып тастаған. Лариса Ларионова дәрігерден мұндай әркет күтпегенін айтады. Оның сөзінше, дәрігер жағдайды түсіндірудің орнына ашуға булыққан. 

“Мен дәрігердің бөлмесіне кіріп, не себепті вакцина салдырмауға рұқсат қағазын бермегенін сұрадым. Ол дөрекі жауап берді. Артынша кардиологтың анықтамасын жыртып тастады. Қызым өзін нашар сезінді, қызарып кетті, дірілдеп тұрды. Мен оның қан қысымын өлшеуді сұрадым, қан қысымы 150-де 90-ға дейін көтеріліп кеткен болды, мен мұнда жедел жәрдем шақырдым”, –дейді студенттің анасы Лариса Ларионова. 

Ирина қазан айында 18-ге толады. Колледждегілер вакцина салдыру керектігін алға тартқанымен, қыздың көптеген қосымша аурулары бар. 

“Мен вакцинацияға қарсы емеспін, бірақ менің ойымша, ауруларыма вакцинаның салдары болуы мүмкін”, – студент Ирина Ларионова. 

Лариса Ларионованың айтуынша, оқиға болған жеке клиника түсініктеме беруден бас тартты. Әйел облыстық денсаулық сақтау басқармасына арыз жазды.

“Бұл өтініш бізге бүгін келіп түсті. Біз  мәселені 15 күн ішінде қарастырып, өтініш берушіге жауап береміз”, – дейді ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің маманы Мадина Мырзабекова. 

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, вакцинация салдыруға болмайды деген анықтаманы арнайы комиссия беруі керек. 

“Емдеуші дәрігер анықтама беріп, уақытша вакцина салдыруға болмайтыны туралы емханаға хабарлауы керек. Нәтижесінде арнайы комиссия шешім қабылдайды”, – дейді денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Ермек Омарбек. 

Талқылау