Жүрсін Ерман: Айтысқа билік тарапынан шектеу жиі қойылатын болып кетті

Дүйсенбі, 16 Мамыр , 2016 14:21

Мақсат Ілиясұлы өзінің facebook парақшасына айтыс өнерінің соңғы кездері билік тарапынан түрлі кедергілерге ұшырап жатқаны жайлы жазған. Қоғамдық белсенді бұл мәселені Жүрсін Ерманның өз аузынан естігенін тілге тиек ете отырып төмендегідей баяндайды.

айтысс1

“Кеше, жер реформасы жөніндегі комиссияның жиналысына қатысқан Айтыскерлер қауымдастығының төрағасы Жүрсін Ерман ағамыз жиын үстінде соңғы уақытта жоспарланға үш айтыстың билік тарапынан шектеу қойылып, өткізілмей қалғанын мәлімдеді. Қазақтың құдіретті өнерін, шындық алаңын шоуға айналдырмақ болған билік, биліктің «Нұр Отан» партиясы енді айтыс өнеріне мүлде тиым салғысы келіп отырған сияқты”,-дейді  Мақсат Ілиясұлы.

Қоғам белсендісі осындай мәселенің барын естіген бірталай зиялы азамат, шешу жолдарын да сол мезетте айтты дейді.

“Қай заманда да, қай ғасырда да, қандай жағдайда да ханы да, қарасы да ақынның аузын жаппаған еді. Бүгінгі билік қазақтың ұлттық өнерін өлтіруге барын салып жатыр. Жиын кезінде мұны естіген Дос Көшім ашуға мініп, айтысқа шектеу қойғандарды жауапқа тартуды талап етті”,-деген Мақсат Ілиясұлы.

айтысс

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар