Жүрсін Ерман: Аяғымызды аңдап басып, қазақтың жерiнiң бiр пұшпағын да сатуға болмайды

Жексенбі, 22 Мамыр , 2016 9:07

Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі, белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман жер мәселесіне келгенде аса сақ болу қажеттігін айтады,-деп жазды BNews.kz.

ерманнн

Оның айтуынша, комиссия бүгінде қоғамда дау тудырған барлық түйткілдер бойынша халықтың көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, жер мәселесін жауып тастау керек.

Ақын Жүрсін Ерман комиссияға мүше болғалы елдің ең өзекті мәселесіне жауапты болып отырғанын айтты.

«Менiң ойым халықтың ойы деп есептеймiн. Комиссияға мүше болғаннан берi Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен хаттар келiп түсiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны бір – жер сатылмасын! Аяғымызды аңдап басып, қазақтың атамекен жерiнiң бiр пұшпағын да сатуға болмайды. Мүмкiн кейiн басқа шешiм қабылдауға болар, бiрақ дәл қазiр бұған жол жоқ деп ойлаймыз», – дейді Жүрсін Ерман.

Оның айтуынша, ел азаматтарына жердi жалға берсек те, сақтық керек. Қазақстанда кемiнде 20 жыл тұрақты өмiр сүрген адамдарға беру секiлдi тетіктерді ойластырған абзал.

«Латифундистер деген бар, олар 500, 700 мың гектар жердi алып алған, бұл не деген сорақылық. Жердi жалға бергеннiң өзiнде оған шек қою керек деп ойлаймын. Әрi егер белгiлi бiр мерзiм iшiнде жердi пайдаланбайтын болса, мемлекет оны қайтарып алып, кәдеге жаратқаны жөн. Жердiң артында бүкiл қазақ ұлтының тағдыры тұр. Жер қазақ үшін ең басты мәселе. Сондықтан дұрыс тетiктерiн қабылдап, бекiтiп, жер мәселесiн жауып тастау керек», -деген пікірде комиссия мүшесі.

Жүрсін Ерман Жер реформасы жөніндегі комиссиядан кейбір адамдардың шығып кетуіне қатысты ойын да жеткізді.
«Комиссия мүшелерiнiң комиссиядан шығып кетуiн әлсiздiк деп есептеймiн. Мемлекет «мәселені талқылаңдар, шешіңдер» деп комиссия құрып берді. Осы комиссияның ішінде отырып, халықтың пікірін жеткізіп, дауыс беріп, үніңді қоспайсың ба?! Бұл осалдардың позициясы деп ойлаймын», – дейді ол.

Айта кетсек, Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Отырыста Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерiн жеке меншiкке сату немесе жалға беру мәселесi қаралды. Ал 28 мамырға белгiленген комиссияның келесi отырысында қоғамдық резонанс тудырған жердi шетелдiктерге жалға беру мәселесi талқыға түседі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

46
Комментариев
  • Танат says:

    Комиссиядан халықтың көңілінен шығатын жауап күтеміз. Мәселе дұрыс шешімін табуы тиіс.

    • Жұмбақ жан says:

      Жүрсін ағама сенемін. Жер сатылатын болса, халық толқуы басылмасы анық. Оның арты үлкен қасретке əкелуі ақиқат. Осыдан сақ болайық!

      • Жұмбақ жан says:

        Журсин ага жуз жасаны…Ертеңгі болар сайлауға,
        Екшелеп кімдер ілінді.
        Прадюссер мен актер де,
        Балуан менен баксер де,
        Үміттеніп үңілді.
        Ақындардан біреу жоқ,
        Жеткізіп айтар жырыңды.
        Мысалды енді айтайын,
        Жүректе жатқан сырымды.
        Балғынбек барса айтар ед –
        Алалап жатқан ағымдар,
        Ислам асты дініңді.
        Айбек барса айтар ед,
        Шұбарланған тіліңді,
        Былыққа батқан білімді.
        Ринат барса айтар ед,
        Жемсауы сасық жемқорды –
        Қалдырмай жүрген түгіңді.
        Айнұр, Сара айтар ед –
        Кесіліп жатқан бұрымды,
        Есіріп жатқан қызыңды.
        Жазба ақындар бір төбе,
        Жазушылар бір төбе,
        Тізбелеп қайтем жырымды.
        Аса алмай тұр әкімнен,
        Бұхар жыраулар бүгінгі.
        …Кесіп айттым шынымды,
        Кесіп алса да тілімді.

        Шұғайып Сезімхан, айтыскер

  • Зере says:

    Комиссия мүшелері барлығын саралап, дұрыс шешім шығаратындығына күмәнім жоқ.

  • Сандуғаш says:

    Жүрсін аға дұрыс айтып отыр. Қазақтың жері ешкімге сатылмау керек!

  • Батырлан says:

    Комиссия халықтың көңілінен шығатын шешім шығарады деген ойдамын.

  • Жұмбақ жан says:

    Сержан

  • Айшат says:

    Жүрсін ағаға үлкен сенім артқанмын. Үмітімді ақтады, халықтың сөзін сөйледі.

  • Болат says:

    Жерді кезінде пай үлес ретінде бөліп берген еді халыққа. Енді олардың көпшілігі жерді байларға сатып, өздері жерсіз қалып отыр. Ал жеріне егін егіп, игеріп нәпақасын тауып жүргендер де жоқ емес. Байларға жекеменшікке өткен жерлерді қайтарып, ауылдан ұжымдық шаруашылықты қайта жандандырсын!

  • Жұмбақ жан says:

    Жүрсін аға, еш мемлекетте жоқ Айтыс өнерін көтердіңіз, енді еш мемлекетке ұқсамайтын қазақ жерін қорғауда бар қайратыңызды салыңыз, тілекшімін!!!

  • Жұмбақ жан says:

    осы кысынын журегыде арыда оте кыршыксыз
    сойлегендеде тек казакша сойлейды

  • Жұмбақ жан says:

    Алла жар болсын !

1 2 3 5

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар