Жүректің амандығы үшін күн ыстықта не істеу керек?

Жұма, 24 Маусым , 2016 11:53

Жаздың ыстық күндері жүрек-қан тамырлары ауыратын адамдар үшін қиынға түседі. Осы ретте назарларыңызға бірқатар кеңестерді ұсынамыз.

ымым

Сурет likar.info

Бұл туралы “Массагет” порталы хабарлайды.

Сағат түскі 12.00-16.00 аралығында далаға шықпауға тырысыңыз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, көлеңке тауып, оқта-текте демалып тұрыңыз;

Ашық түсті табиғи матадан тігілген киімдер киіңіз;

Белі тар және денеге жабысып тұратын киімнен бас тартыңыз;

Ет және майды аз жеуге тырысыңыз. Мәзіріңізде сүт өнімдері және өсімдік негізіндегі тағамдардың көп болуын қадағалаңыз. Тұздан бас тартуға тырысыңыз;

Су, морс және көк шай ішіңіз. Сонымен қатар, мұз және лимон қосылған шөптік шайларды ішіңіз. Газдалған сусындардан бас тартыңыз;

Егер су жағасына барсаңыз, суға бірден түспеңіз. Температураның бірден төмендеуі жүрек ұстамасына әкелуі мүмкін;

Күні бойы өзіңізге бүріккіштен су шашуыңызға болады, алайда оның ішіндегі су аса суық емес, жылы болғаны жақсы.

Жүрек ауруы бар адамдар үшін:

Бұл жағдайда артық сұйықтың зиян болуы мүмкін. Егер сізге жүректің ишемиялық ауруы белгіленген болса, тәулігіне су мен морс ішуді 800 миллилитрге дейін қысқарту керек. Ағзада судың тоқтап қалуы (застой) артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан, қатты шөлдесеңіз, аузыңызды сумен шайып алыңыз;

Дәрігермен кеңесіңіз. Қысымға арналған дәрілер жазып беруі мүмкін;

Күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз. Көз бұлшықеттеріне күш салу қан тамырларының қысылуына әкеледі;

Ыстық күндері кептірілген өрік, мейіз, банан, қарақұмық, бадана жеңіз. Олар калий мен магнийге бай, сондықтан жүректің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі;

Темекі тартпаңыз. Никотин қанға оттек келуіне кедергі болады;

Егер көшеде адамның ауырып тұрғанын көрсеңіз, оны көлеңкеге апарып, бетіне су шашыңыз. Жағасын ашып, галстук таққан болса, оны шешіңіз. Егер жағдайы жақсармаса, міндетті түрде жедел жәрдем шақырыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар