Жүрегім ауырады: Үшінші рет ажырасқан Ақбота Керімбекова қиналып жүргенін айтты

Әнші Ақбота Керімбекова былтыр ғана үшінші рет тұрмысқа шыққан еді. Алайда биыл оның ажырасқаны туралы сөз шығып, артынша әншінің өзі растады. Шаңырағы үшінші рет шайқалған Ақбота бүгінде қиналып жүргенін жасырмайды.

Ақбота Керімбекова

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Әрине жүрегің ауырады. Менің де бала-шағам бар, әке-шешім бар. Менің де туған-туысым бар. Менің де өзімнің ортам бар. Неге ауырмайды, ауырады», – дейді Ақбота.

Ажырасып кеткені туралы жасырмаған әнші өзінен 9 жас кіші күйеуімен не үшін қош айтысқандарын айтпады. Десе де ол өмірде болған жағдайдың бәріне түсіністік таныту керек дейді.

«Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Неше түрлі жағдай болады. Неше түрлі дүниелер болады. Әр нәрсені түсіністікпен қараған дұрыс. Ешкім ешкім үшін жауап бермейді. Әркім өзінің өмірін дұрыстау керек», – дейді әнші.

Үшінші рет ажырасқан әншіні бүгінде сынайтындар аз емес. Ал әншінің өзі мұндай жағдай орын алған кезде өзін сынайтыдарды түсінбейтінін айтып отыр.

«Оны көзбен көрмегеннен кейін, оны білмегеннен кейін, бірге тұрмағаннан кейін «анау бүйтіп кетіпті, сөйтіп кетіпті» деген ол артық сөз. Әркім санасына берсін», – дейді Ақбота Керімбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар