Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Жүкті әйел ауыр диагноз қойылған сәбиін босанып, ағзаларын науқас балаларға берді
АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны құрсағындағы нәрестесінің дамуында үлкен ақау барын білген. Алайда ол сәбиінің ағзаларын науқас балаларға беру үшін, оны өмірге әкелмек.

Бұл туралы KRDO басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Криста Дэвис жүктілігінің 18-аптасында жүргенде оның құрсағындағы сәбиіне анэнцефалия диагнозы қойылған. Сәбидің дамуындағы мұндай ақау кезінде үлкен ми сыңары, бас сүйегінің бір бөлігі болмауы мүмкін. Әдетте, мұндай ақауы бар сәбилер 30 минуттан ұзақ өмір сүрмейді.
Алайда Дэвис жүктілігін тоқтатудан бас тартты. Ол сәбиін босанып, оның ағзаларын науқас балаларға бермек.
Ол салмағы 2,72 келі болатын қыз баланы босанды. Жаңа туған нәресте бір аптадан кейін шетінеп кетті. Оның жүрегінің клапандары науқас балаларға берілді. Ал өкпесін анэнцефалияның алдын алудың әдісін іздеп жүрген зерттеушілер алды.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту