Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зерттеу: Әлемде 20 жылдан кейін мұсылмандардың саны артады

Pew Research Centre компаниясының бір топ зерттеушісінің хабарлауынша, мұсылмандар арасындағы туу көрсеткіші өсіп келеді.

9741013

Мамандардың сөзіне сүйенсек, туу көрсеткіші осындай қарқынмен өсе берсе, 2035 жылға қарай жаңа туған мұсылмандар саны христиан сәбилеріне қарағанда 1 миллионға артық болады екен, ал осы ғасыр соңына таман ислам әлемдегі ең көп тараған дін болады, деп жазады muftyat.kz.

Сараптама мәліметінше, 2035 жылға қарай 225 миллион мұсылман қыз-келіншектері балалы болып, ана атанады екен, ал христиан дініндегі әйелдер 224 миллион нәрестені дүниеге әкеледі. 20 жылдан соң екі дін өкілдері арасындағы бала туу алшақтығы бес миллионға жетуі мүмкін. 2010-2015 жылдар арасында бүкіл әлемде дүниеге келген 31% сәби мұсылман отбасында дүниеге келген.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары христиандар арасындағы туу көрсеткіші азайған жоқ, бірақ ислам дінін ұстанушылардың көрсеткішіндей жылдам өспеген. Pew Research Centre болжауынша, 2050 жылға дейін Үндістан мұсылмандардың ең көп жиналған жеріне айналады. Бұл елде бірнеше жылдан кейін 300 миллион мұсылман өмір сүретін болады.

Тағы да оқыңыз:

Қытай билігі мұсылмандар жайлы “сыбыс” жеткізгендерге сыйақы бермек

Сати Казанова: Мен йогамен айналыссам да, мұсылман болып қала беремін

Қазақ режиссері мұсылман-гейлер туралы фильмін ел назарына ұсынды

Талқылау