Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер: Желіде жалаңаштанған қыздар мүшесін көрсеткеннен рахаттанатын маньякпен бірдей

Қыз-келіншекке атақты болудың жолы қайсы? Бұрын қыз көзі ашық, көкіруге ояу болса, халыққа тез танылатын. Ал қазіргі қыздардың көзі бояу, көкірегі ашық. Осылай етсем, танылам, танымал болам деп санайды.

Заңгер: Желіде жалаңаштанған қыздар мүшесін көрсеткеннен рахаттанатын маньякпен бірдей десе болады

Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, сасып қаласың. Шешінген қыз-қырқын. Бұларың ұят емес пе деп айттың екен, өзіңді ұятсыз етіп шығарады. Арсыз болмай атақ жоқ па? Бұл туралы Евразия арнасы сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Осы айтам да, біздің даламызда, эротичный балбалтастар болмаған шығар? Ал бірақ, бас қаламызда, ұстай-ұстай төсі жылтырап кеткен мүсін тұр. Еске түссе, алып тастайық деп шыға келеміз. Ұяты қысқандар үстіне көйлек жамылдырып та көрген.

Бірақ ақылға салсақ мәселелердің реттілігі деген бар. Қоладан құйылған бұл мүсіннің реттілігі шамамен мүмкін 87-, я 114- болуы керек. Ал, оған дейін. Өлі, суық, қола мүсінмен алысқаннан гөрі, тірі, жылы, көзі қара, жүрегі қазақ жандарды тәрбиелеп алайық та. Шешініп жатыр, жылтыратып та, жалтыратып та көрсетіп жатыр, көрсететінді.

Әңгіменің төркіні - енді төсімді жалаңаштап түссем бар ғой, деп ант-су ішкен Тасованың қос тасын қайта жарқыратып шығуы себепкер болып тұр. Бұрын бұлар 3-4-ақ үштік еді. Аттары, фамилияларына дейін білетінбіз. Қазір, көбейіп кеткен.

"Омырауын көрсетіп түсетін қыздарды эксгебиционист деп атауға толық негіз бар. Иә, иә. Мүшесін көрсеткеннен рахаттанатын маньякпен бірдей, ол қыздар. Оларды емдеп алу, бұ дүния тіршілігінде қолдан келмейді. Олар тым көп. Әрі бұл сырқат жұқпалы ма деймін", - деді заңгер Жангелді Сүлеймен. 

Басында хайп үшін, қазір кайф үшін жасап жүр ғой, сонда?! Жалаңаш денесін көрсеткенге көңілденсе, маньяк емей немене? Шешінгендерге, қойсаңшы. Көпшіліктен ұят емес пе деп көр, өзіңді ұялтып тастайды.

Иә, жемқорлық ұят. Бірақ қазақтың қызының ел алдында жалаңаштануы да ұят қой. Бір жамандық екінші жамандықпен күреспейді, керісінше, жамандықтың қарасын көбейтпей ме.

"Бұл былайша айтқанда, адамдарда жаман қасиет болады. Өй оны істеме, мынаны істемейсің бе деп. Оны істеп жатсаң, өй ананы істесейші дейді. Яғни бітпейтін бір, шегі жоқ логика да. Ондай адамдар өзін де алдайды, өзгені де алдайды", - дейді режиссер, блогер Жандос Құсайын.

Жұрт деген  тобыр. Ебін тап та басқар дегенді әлеуметтік желіде бұлар мықтап меңгерген. Ашудан қан түкіріп тұрған халыққа, мені ұрып-соқты деп қан-қан күйде шығады. Аяушылық оянғанда, сұқ саусағын көрсетеді. Тағы шешінеді. Құдды, мазақтайды бар ғой.

Ұят бұлар айтып жүрген ынжықтық емес. Қорқақтық емес, жігерсіздік емес. Ұят  орысша айтқанда, порядочность! Адамды дұрыс жүруге қамшылайтын күш. Шешініп, жалаңаштанып  жатқандарға осыны ұқтыра аламыз ба, әй қайдам. Дұрысы инстаграмға түймесін ағытқалы тұрғанға ақыл айту керек. Ол ақылды, ата-анасы айтқаны ләзім.

"Меніңше ұят түсінігімен қалай күресіп жатқан болса, ұят, абырой, намыс дегенді дәл солай егумен айналысу керек. Оған қарсы имунитетпен айналысу керек. Әлбетте қара күш пен ақ күш деген болады. Ұятпен күресушілерді қара күш деп қабылдасақ, оларға қарсы әлбетте ақ күш болу керек. Ол отбасыдан басталуы керек,-деп есептеймін", - дейді блогер. 

Осы батысқа барсаңыз, көп үй терезесіне перде ұстамайтынын көресіз. Жуынасың ба, жақындасасың ба, ұрысасың ба - бəрі ашық.

"Ешкімнен ештеңе жасырмаймыз" деген дəстүрі шығар, бəлкім. Өмірі қандай ашық, жалаңаш болса, әлеуметтік желісі де сондай ол жақтың. Ал біздің үйлерде перде тұрды. Əр үйде. Ұяттың пердесі тұрады. Бейнелі түрде айтқанда, дәл қазір сол ұят пердесін инстаграммға да қою керек болып тұр. 

"Ойбай масқара деп, журналист-блогерлер осындай жалаңаш қыздарды тауып алады да, бөлісіп жатады. Бұл қайта әлгілердің атағын көтермесе, еш зияны жоқ. Расымен саған бұл масқара болса, ал да "пожаловаться" дегенді бас. Ол жетпесе, достарыңа сілтемесін жіберіп, жабылып жапқызыңдар. Бітті!". - дейді блогер Санат Ілияс.

Бұның бәрiнен құтылудың бiр-ақ жолы - өзiңiзден бастаңызшы. Ол парақшаларды және соларға қатысты жандарды оқымаңыз. Блокқа тығыңыз. Сонда, сiздегi "интересныйға" да шықпайды.

"Ұлы сөзде ұяттық" жоқ деп бірде ашып, бірде астарлап, бірде қатты, бірде жұмсақ етіп, айтарымды айттым. Келісу, келіспеу еркіңізде. "Өз құқығым, араласпа" дейтіндер де табылар. Әрине, өз құқығыңыз. Бұл сюжеттің заңдық күші жоқ, сондықтан, құқығыңызға қауіп төнбейді.

"Ал жеке пікір ретінде айтар болсам, менің ондай қыңыр құқыққа түкіргенім бар. Киім  ұяттың өлшемі, мәдениеттілік көрінісі. Ол қысқарған сайын, ұятта келтеленеді. Мен де солай ойлаймын және осы мәдениеттен мақұрым қалғандардың менің және балаларымның алдында өмірде, әлеуметтік желіде көлбеңдеуін өз құқығымның тапталғаны деп түсінем. Айтар әңгіменің төркіні осы", - деді тілші. 

Талқылау