Заңгер: Қазақстанда телефонды тіркеу туралы ережені халықпен ақылдаспай, талқыға салмай қабылдаған
1 қаңтардан бастап байланыс аясынан тыс жердесіз. Дәлірек айтсақ, телефоныңыз тіркелмесе осы дауысты жиі еститін боласыз. Имей код – бұл телефонның төлқұжаты десек артық айтпаймыз. Оны тіркеу заң тұрғысынан қарасақ әлбетте абзал. Бірақ, көпшілік бұл жаңалықты тіксіне қабылдады. Десе де біз сарапшы маманға жүгіндік.
«Үгіт-насихат бізде, мынандай бір қызық нәрсе байқаймын. Бірінші енгізіледі, одан кейін талқыланады, сосын барып түсіндірелді да кез келген нәрсе. Ал, соны керісінше бастаған дұрыс сияқты. Бірінші енгізіледі бізде , бірінші енгізіледі одан кейін талқыланады, сосын барып түсіндірелді. Ал, керісінше бірінші түсіндіру жұмыстарын жасау керек, одан кейін талқылау керек, содан кейін барып енгізу керек да. Ал, біздің кішкене ақпартты жеткізу тәсіліміз өзгерту керек сияқты осы жерден. Сондықтан қазір адамдар, кейбір адамдар түсінбей, қарсы боп жатыр. Ал, негізінде былапй қарасаңыз ол өте тамаша нәрсе» – дейді ІТ сарапшы, блогер Аршат Ораз.
Сонымен, телефонды тіркеу пайдалы ма, болса кімге? Немесе зиян ба? Болса тағы кімге. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.
Телефоным кейде-кейде, байланыстан тыс бір жерде! Ия! Бұл ән шумақтары біздің қазіргі жағдайды еске салады. Соңғы екі апта болды қарқынды түрде халыққа месседж жолданып жатыр! Телефондарыңызды тіркеңіздердер деп! Ондай болмаған жағдайда, сізге тиесілі нөмір жойылып, байланыссыз қаласыз! Бұл не үшін қажет болды?
Елде қалта телефондарын ұрлауға қатысты статистика көңіл көншітпейді, өйткені! Қазақстанда жыл сайын 30 мың телефон жоғалса, соның 80 пайызы табылмайды. Мәселені шешу үшін, Ішкі істер министрлігі жаңа ереже бекітті! Оған сай әр азамат өз байланыс құралының халықаралық кодын міндетті түрде мемлекетке тапсыруы қажет!
«2000-жылдардың басында осы АҚШ бастады осы ұялы телефондарды тіркеу азаматтарға. Қазіргі таңда, Түркия, Әзірбайжан мысалы осы елдерде осы үрдіске кірді. Сондықтан да, біз, Ішкі Істер Министрлігі ІІМ Қалмұхамбет Нұрмұхамбетұлы бастама көтеріп, осыны азайтуға. Өйткені, осының алдында да министріміз айтып кеткен. Бізде ұрланған телефондар өте көп. Мысалы, бір имей кодпен, мысалы шетелден келсе, бір азамат телефоның жоғалтса, бізге арыз берсе, ондағы имей кодпен оншақты, жүзшақты телефонды өшіруіміз керек болады» – дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.
Алайда, ішкі істер министрлігінің бұл бастамасын халық жылы қабылдай қоймады! Дені, тіпті, оның нәтижелі болатынына сенбейді! Неге? Ол былай ғой! Біздің елдегі тәртіп бойынша азаматтар телефондары жоғалған кезде, онсыз да байланыс құралдарының халықаралық кодын құзырлы орган өкілдеріне тапсырмай ма? Бірақ, табылып жатқаны шамалы ғой!
«Ұялы телефонымды дүкенде жоғалттым. Дүкенге кіріп, керек-жарағымды алып, шыққанымша иығымда сөмкем болған ілулі. Сөмкемнің ішінен кәдімгідей ашып, сөмкемнің ішінде тұрған телефонымды алып кеткен. Телефонымды жоғалтқаным туралы арадан бес минут уақыт өткенде шамамен білдім. Бірден басқа телефонды алып, өз телефоныма қоңырау соққан кезде телефоным уже өшірулі тұрды. Әрине, келесі менің әрекетім бірден ол полиция қызметкерлеріне, құзырлы органдарына хабарласып, шағым түсірдім. Полиция қызметкерлері шамамен 2-3 сағат өткеннен кейін бірақ жетті» – дейді қала тұрғыны Дана Ахаева.
400 жүз мың теңгелік смартфоны қолды болған Дананың айтуынша мәселе, «Имей» кодқа келіп тірелмейді! Бұрымды бар бәле құзырлы орган өкілдерінің салғырттығында дейді!
«Арызды қабылдады. Бірақ, қабылдап жатқан кезінде жаңағыдай өте үстімнен күлгендей болды. Себебі, неге кешігіп келдіңіздер деп қойған сұрағыма мысалы егер тез жетіп келсе, мүмкін сол дүкеннен әлі шықпаған, сол ғимараттан әлі шықпаған ұрыны ұстауға мүмкіндік мол болатын ба еді деп, деген түсінік бойынша мендегі, неге кешігіп келдіңіздер деп сұраған кезімде сіз қызықсыз, біреудің үйі өртеніп жатыр, біреудің үйі тоналып жатыр. Солардың алдында телефоным жоғалып қалды деп бізді шақырып тұрсыз. Өзіңіздің осы ісіңізге ұялмайсыз ба, күлкілі емес па деген сияқты менің үстімнен күле отырып арызымды қабылдады» – дейді қала тұрғыны Дана Ахаева.
Хош! Енді екінші мәселе! «Имей» кодтар тіркелсе, әлгі әккілер телефондарды ешқалай да қолдана алмайды дедік! Жақсы! Бірақ, бұл смартфонды бөлшектеп сатып жіберуге кедергі емес қой!
«Имей кодтарға қатысты жаңа заң талабы бір жағынан тиімді, ал бір жағынан шикі дер ем! Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Ішкі істер ведомствасы қайта-қайта телефон ұрлығын азайтамыз дейді! Меніңше, оған бола телефон ұрлығы тоқтап қалмайды! Өйткені, оны қара базарда бөлшектеп саудалауға әбден болады! Ол үшін телефонды қосудың да қажеті жоқ! Елде сата алмаса көрші елге апарып пұлдайды!» – дейді заңгер Дос Ильяшев.
Енді, ең негізгі мәселеге тоқталайықшы!Жаһандану заманында телефон адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын ескерсек, бұл сұрақтар шамасы әр екінші қазақстандықтың көкейінде жүрген шығар!
«Байланыс құралының» халықаралық коды шынымен ұялы телефондағы хат-хабарларды оқып, диологтарды тыңдауға мүмкіндік бере ме?
«Имей код телефонның ішіндегі бір чип сияқты. Мысалы телефон жоғалып қалса, оның қай жерде екенін тауып алуға болады немесе адам қайда екенін тауып алуға болады иә. Ал, жаңағыдай біреудің жеке сөйлесулерін тыңдау деген ол имей арқылы емес, басқа түрлі құралдар арқылы жасалынады, яғни, ол жағынан бір қорқатындай нәрсе жоқ деп ойлаймын» – дейді программист Аршат Ораз.
Әйтседе, мәселенің көңілді күпті етіп отырған тағы бір тұсы бар! Бәлкім, сіздің хат-хабарларыңызды ешкім оқымас! Бірақ, «ИМЕЙ» код жеке сәйкестендіру мен телефон нөміріне тіркелетінін ескерсек, сіз туралы мәлімет енді бір емес, бірнеше органның қолында болады!
«Бұл жерде мен ережемен барлығымен танысып шықтым! Бұл ереженің халықпен ақылдаспай, көпшіліктің талқысына салмай қабылдап кеткені мені алаңдатып отыр! Бұл жерде ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық қауіпсіздігімен бірлесіп бұлардың доступы болады деген сөз!» – дейді адвокат Абзал Құспан.
Жеке басқа қатысты мәліметтердің қауіпсіздігін арттыру үшін мамандар оны бірнеше емес, ал бір ғана органның қолына шоғырландыруды ұсынады! Алайда, сіздің заң алдындағы абыройыңыз таза болса, алаңдауға да негіз жоқ екені айқын ғой!
Естеріңізге салсақ, ІІД телефондарын тіркемеген қазақстандықтардың байланыссыз қалатынын ескерткені туралы жазған болатынбыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.