Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заманауи көшпенді қазақтар қалай өмір сүреді (видео)

Режиссер әрі фотограф Джоел Сантос жайлаудан қыстауға қарай көшкен Моңғолия қазақтарын видеоға түсіріп алған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Безымянный

Моңғолияның батысындағы Алтай тауларында қазақтар әлі күнге көшпенді өмір сүру салтын ұстанып келеді. Олар жыл сайын малға қолайлы жер іздеп 2-3 рет көшіп-қонады.

Джоел Сантос қазақ отбасында бір аптадай болып, көшпелі өмірдің қызығымен етене танысады. Қыстауға көшкен қазақ отбасы көшті екіге бөлген. Біріншісінде тек малдарды алдына салып айдап кетсе, келесі күні отбасының қалған мүшелері киіз үй, басқа да құрал-жабдықтарды тиеп жолға шыққан.

Олар күніне 25-35 шақырымды артқа тастап отырған. Ал жайлау мен қыстаудың жалпы ара қашықтығы 150 шақырымды құрайды екен. 4-5 күн өткенде отбасы жаңа мекендеріне барып орналасқан. Мұнда олар 2-3 айдай болып, кейін ауа-райының өзгеруіне байланысты, қайтадан қолайлы аймаққа қарай бағыт түзейді.

Оқи отырыңыз:

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)

Талқылау