Заманауи челлендж: Мейрамбек Бесбаев пен Қанат Әлжаппаров жұртты күлдірді (видео)
Мейрамбек Бесбаевтың әзілге жақын екенін достары жақсы біледі. Әнші өз достарының ортасында жиі қалжыңдап, жүрген жерін той-думанға айналдырып жібереді. Алайда әлеуметтік желіде аса белсенді болмағандықтан, көпшілік өнер иесінің мұндай қырынан бейхабар, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан бірер күн бұрын қазақ эстрадасының танымал әншісі әзілкеш-актер Қанат Әлжаппаровпен бірге заманауи челленджге қатысқан. Мейрамбек пен Қанат көліктен түсе салып, билейтін флешмоб-видео түсірген.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қалжың-видеосын жоғары бағалап, желіде сан түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Өкінішке қарай, челленджді дұрыс түсінбей, жағымсыз пікір қалдырғандар да баршылық. Олардың пікірінше, әйгілі Мейрамбек Бесбаевқа мұндай қылық жараспайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бізде елден қалмайық деген ой келді. @m_besbaev біздеген мықтымызғой
“Қай жері ерсі? Шетелдің танымал жұлдызы осылай жасаса, қуана лайк басып, мақтап өтесіңдер”, – деп жақтады оқырмандардың бірі.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан