Ыстамбұлдың халықаралық Ататүрік әуежайында екі дүркін жарылыс болды (фото)

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 7:57

Ататүрік атындағы Ыстамбұл әуежайында 28 маусым күні кешке 2 бірдей жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша, оқиға салдарынан 36 адам қайтыс болған.

стамб

Суреттер Reuters

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, жарылыс халықаралық ұшулар терминалында болған. Барлық ұшатын және қонуы тиіс рейстер кейінге шегерілді., деп хабарлайды Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтемемен. Одан бөлек, 6 адам өлім аузында жатқаны туралы дерек бар.

Жарылыс металіздеуші есіктің алдында болған. Сәлден кейін Түркия билігі метроға таяу жерде, әуежай ғимаратында тағы бір жарылыс болғанын хабарлады.

Безымянный

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдрым әуежайдағы қанды қырғынның артында “Ислам мемлекеті” террорлық ұйымының тұрғанын айтты.

“Жарылыстың барлық белгілері ИМ-ге тән. Шабуылдың артында солардың тұрғаны анық. Зерттеу жалғасып жатыр”, – деді премьер.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл әуежайындағы жарылыс кезінде, зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың болмағанын айтты.

Осыған орай Астана және Алматы әуежайларында Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстер тоқтатылды.

стаммм

1453923870

1453945328

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар