Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ымыраға келу керек: Бас мүфти Ақтөбедегі мектеп формасына қатысты пікір білдірді

Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай Қажы Ораз Ақтөбеде мектеп формасының төңірегінде туған дауға қатысты алғаш рет түсініктеме берді. Ақтөбеге іссапармен барған бас мүфти орамал таққан мектеп оқушыларының ата-аналары мен мұғалімдерге ымыраға келуге кеңес берді.

Ымыраға келу керек: Бас мүфти Ақтөбедегі мектеп формасына қатысты пікір білдірді

Бұл туралы «Астана» телеарнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«1, 2, 3 сыныптарда оқитын 7-8 жастағы қыздардың ата-аналары олардың тағдырын дұрыс шешпей отыр. Бұл балалар уақыт өте келе өздері таңдау жасаулары тиіс. Ал ата-аналар оларға қазірден орамал тақ деген талап қоймаулары керек»,-дейді бас мүфти мектептегі орамал мәселесіне қатысты.

Мектеп формасына қатысты пікір білдірген Серікбай Қажы балаларға осындай талап қойып, болашағынан айырмауымыз керек дейді.

«Біз балаларымызды болашағынан айырмауымыз керек. Бұл жағдайда жауапкершілік ең алдымен ата-аналар мен мектептің мойнында. Бұл мәселеде діни қағидаларды бұзбастан ымыраға келу керек»,-деді Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай Қажы Ораз.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде балаларына мектеп формасын кидіруден бас тартқан оқушылардың ата-аналары ережені сақтамағандықтан қамауға алынған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау