Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры пара ретінде қымбат көлік алған
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы атқарушы директорының пара ретінде 9 миллион теңдеген астам сомаға шетелдік автокөлікті мінгені туралы істі тергеп жатыр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім қызметкерлері осы аптада Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының жетекшілігімен құрылған сыбайлас жемқорлық схемасын ашты.
Осылайша, орталықтың бұрынғы бас директоры 2016 жылы осы лауазымда отырып, пара ретінде Toyota Camry автокөлігін алды деп күдіктеліп отыр. Ол кезде бұл көліктің бағасы 9 миллион теңгеден асқан. Мемлекеттік қызметкер бұл қымбат сыйлықты мемлекеттік сатып алулар кезінде аффилиирленген компаниялардың мүдделерін қолпаштағаны үшін алған.
«Пара алғаны туралы жиналған дәлелдерін ескере отырып және келіп түскен өтініш негізінде жеделдетілгентергеу жүргізілуде», - деп хабарлады мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"