Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ болып туғаныма мақтанамын": Димаш Құдайберген туған еліне алғыс айтты

Димаш Құдайберген қазақ болып туғанына мақтанатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремльде өткен кешінде қазақ болып туғанына мақтанатынын жеткізіп, қазақ халқына алғыс айтты. Ұлтының ұлы болып туған ол барша қазақты жақсы көретінін жасырмады

"Шын жүрегімнен ұстаздарыма, ата-анама, ғажап, ұлы қазақ халқына рахмет айтқым келеді. Достар, мен қазақ болғаныма мақтанамын", - дейді өнер иесі.

"Не деген отаншылдық, ұлтшылдық. Қазақтар сендерге қызғанышпен қараймын. Қырғыз болмағаны өкінішті. Димаштан үлгі алыңдар. Ол ғажап адам", - деп қызғаныш білдіргендер де болды.

Талқылау