"Ұлы дала шпионы": Сахнада жүргеніне 10 жыл толған Төреғали өзі туралы фильм түсірмек
Төреғали Төрәлі көрерменге жаңа кино ұсынбақ, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Еңбектің түбі - жеңбек. Биыл күзде сахнада жүргеніме 10 жыл. Сол мерейтой аясында «Ұлы дала шпионы» деген фильм түсірейін деп жатырмыз», - дейді Төреғали.
Сонымен қатар, әнші Ұшқын Жамалбекпен жаңа бейнебаянның да жұмысын бастап кеткен. Қазақи нақыштағы бұл туынды «Тақия» деп аталмақ. Дегенмен, Төреғали бұл бейнебаянда тек орындаушы ғана екен.
«Оны Ұшқыннан сұраңыз, авторы сол. Мен тек орындаушымын», - деді Төреғали Төрәлі.
"Соңында талан-таражға түсіп, экологияға қауіп төндіреді": Көкжайлау тау шаңғысы курортын салуға алматылықтар қарсы шықты