«Эйр Астана» ұшағының қозғалтқышы жанды (видео)
«Эйр Астана» ұшағының қозғалтқышы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында жанғаны туралы әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«15 қыркүйек күні «Атырау-Астана» бағытында рейс жасаған Эйр Астана» компаниясының Airbus А320 ұшағы тұраққа бұра бергенінде сол жақ қозғалтқышы жана бастады. Бортта 91 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған», – деп мәлімдейді компанияның баспасөз қызметі.
Ресми деректерге сай, жапа шеккендер болмаған. Қазіргі таңда әуе компаниясының инженерлік қызметі ақау шыққан жерін анықтауда. Осыдан кейін тергеу жұмыстары басталады. Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі болған оқиғаның видеосын Фейсбук желісіндегі парақшасына жүктеген.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған