Эстрада жұлдыздары халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап ән жазды (видео)
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Azary&Kleo дуэтімен бірге «Жаңа жылыңмен, Қазақстан » атты жаңа әнді бейнебаянымен ұсынды. Ән қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
Онда Диана Шарапова,Зарина Омарова, All Davai Серік Ибрагимов, Kental және Azary&Kleo дуэті біргелікте ән салады. Әншілер осы ән арқылы халықтың көңілін көтере түсетіндеріне сенімді.
«Біз Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен өз эстрадамыздың әншілерімен біріге отырып құттықтауды мақсат еттік. Әрі ол қолымыздан келгеніне сенімдіміз. Өкініштісі, кей әншілер бізбен бірге ән салудан бас тартты, форматымыз бөлек дейді. Бірақ, бұл жерде ешқандай да қатып қалған формат жоқ. Негізгі мақсат халықты мейрамымен құттықтау»,-деді әнші Kleo.
Әннің авторы Azary&Kleo тобының әншісі Бажан. Әнді біргелікте орындаған әншілер жаңа туынды көпшіліктің көңілінен шығады деген үмітте.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
