Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесіне кімдер тегін кіре алады

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына тура жарты жыл бұрын іс-шара билеттерін кассаларда сату басталды.

1-3-768x512

Билет кассаларының ашылу салтанаты астаналық «Керуен» СОО-да, «Хан-Шатыр» СОО-да, сондай-ақ «MEGA Park» және «Алматы MEGA Орталығы» СОО-да өтті, деп хабарлайды Naryk.kz.

Айта кету керек, көрме билеттерін онлайн сату биылғы жылдың 10 маусымында, яғни көрмеге дейінгі бір жыл бұрын басталған болатын.

Енді билеттерді тек ресми сайттан ғана емес, сондай-ақ кассалардан тікелей сатып алуға болады. Билеттер құны әртүрлі. Айталық, жұмыс күндері белгілі бір нақты күні кіруге арналған билетінің бағасы 4000 теңге, демалыс күні – 6000 теңгені құрайды. Күні белгіленбеген, яғни ашық даталы билет 2000 теңгеге қымбат болады.

Студенттер, оқушылар, көп балалы аналар және жеңілдік санатына кіретін басқа да қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне 50 пайыз жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, алты жасқа дейінгі балаларға, жетім балаларға, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға – билет тегін. Аталған әлеуметтік топтарға арналған жеңілдік шарттары Көрмені өткізу кезеңінде ғана қолданылады.

Жіберіп алмаңыз:

Жанармай бекеттерінде қазақстандық Еуро-5 бензині пайда болды

Мұнай қазақстандық валютаны жоғары қарай өрлетті

Қаңтар айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді

Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Желтоқсан, 2016 15:33
Талқылау