ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Американың ковбойлары көкпар тартады
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде АҚШ-тан келетін ковбойлар көкпар чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Біз ЭКСПО кезінде 20 мәдени шараға демеушілік көрсетеміз. Олардың ішінде концерттер, кино көрсетілімдер, түрлі семинарлар бар. Сонымен қатар, Американың ковбойлары көкпар тартады”, – дейді АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол.
Джордж Крол айтуынша, Америка ковбойлары бұған дейін Орталық Азияда өткен көкпар сайыстарына қатысып көрген. Сол кезде ойынның ережесімен танысып біліпті.
Алайда шетелдік ковбойлар өз аттарымен келмейді. Өйткені, көкпарға өз еліміздегі аттар бейім келеді.
Елші сөз арасында “Біздің жылқыларымыз сіздерден қорқады, себебі сіздер жылқының етін жейсіздер” деп қалжыңдады.
Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көкпардан I Әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Жарыс 21-28 тамыз күндері Этноауылда өтеді.
Тағы да оқыңыз:
Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады
Алматы облысында көршісі 5 балалы мүгедек әйелді ұрып-соғып зорлап кеткен
ШҚО-да ер адамды жөндеп жатқан автобусы басып қалып мерт қылды