Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экскалаторда тұрған әйел нәрестесін құлатып алды (видео)

Өзбекстанда сауда орталықтарының бірінде қайғылы оқиға орын алды. Экскалаторда тұрған әйел қолындағы сәбиін түсіріп алады. Шамамен 12 метр биіктіктен құлаған нәресте еденге құлайды.

Безымянный

Бұл туралы “Өзбекстан жаңалықтары” хабарлайды.

Адам шошырлық кадр алдымен әлеуметтік желіде пайда болды. Кейін оны өзбек БАҚ-тары жарыса жариялады. Роликтің қысқа екеніне қарамастан жағдайды бағамдауға болады. Жылжымалы баспалдақта тұрған әйелдің қолындағы сәби құлап кетеді. Оның екінші қолында тағы бір кішкентай сәби болған.

Әйел адам тепе-теңдігін жоғалтып, баланы қолынан сусытып алған секілді. Баланы құтқарып қалу өкінішке қарай мүмкін болмады.

Талқылау